Ақыл-парасат ойындары: Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ құрамасы республикалық брейн-рингте 2 орынға ие болды

2019 жылдың 12 сәуірінде Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Жастар жылына орай «Қазақстанның болашағы менің қолымда» тақырыбында «Брейн-Ринг» форматында республикалық интеллектуалдық турнир өтті.

Біздің ЖОО намысын «Горизонт» командасы қорғады: Найзагаринова Айгерим (4 курс, «Педагогика және психология» мамандығы), Торыбаев Жанболат (3 курс, «Биология» мамандығы), Джапашева Мадина (3 курс, «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы), Кудабаев Даулет (2 курс, «География» мамандығы), Идрисова Айдана (2 курс, «Тарих» мамандығы) және команда капитаны Уткельбаев Жанибек (4 курс, «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы).

Брейн-рингке Қазақстанның әр аймағынан келген 28 команда қатысты. Турнир аралас сызба бойынша өтті, әр команданың бір-бірімен кездесу мүмкіндігі болды. Ойын өте қызықты болды, командалар финалға шығу үшін белсенді күресті.

Ойын қорытындысы бойынша, біздің команда ІІ орынға ие болды. I орынды Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Шет тілдер факультетінің «Ring Kings» командасы, ал III орынды Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Шет тілдер факультетінің «Kemelteam» командасы иеленді.

Ұйымдастырушыларға және қатысушыларға қызықты ойын үшін алғыс айтамыз.

Университетіміздің студенттерін жеңістерімен құттықтаймыз, оларға жаңа шығармашылық табыстар мен кәсіби жетістіктер тілейміз.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ғылым, халықаралық қатынастар және инновациялық даму жаңалықтары Ақыл-парасат ойындары: Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ құрамасы республикалық брейн-рингте 2 орынға ие болды