Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

2019 жылдың 10-12 сәуірі аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында педагогикалық ғылымдары бойынша магистранттардың Республикалық олимпиадасы өткізілді.

Республикалық олимпиаданың мақсаты – ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындығын жетілдіру және қоғамдық сананы жаңарту жағдайында педагогика ғылымын дамытуды мақсат еткен талантты, жас педагог-зерттеушілерді анықтау.

Олимпиадаға еліміздің жоғары оқу орындарынан 18 команда қатысып, Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды. Команда жетекшісі – психология және дефектология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, РһD докторы Ташетов Аманжол Асқарұлы. Команда мүшелері – «6М010300 – Педагогика және психология» мамандығының 1 курс магистранттары: Досмагамбетов Валихан Шындыбекович (команда капитаны), Петрушка Аля Юрьевна, Зейнуллина Алия Балтабаевна, Силенко Елизавета Андреевна, Шарафиева Сулушаш Камбаровна.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің басшылығы олимпиадаға белсене қатысу мен келешекте жемісті серіктестікке дайындық үшін өз ризашылығын білдірді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз