Қарағанды қаласында өткен 5В010500-Дефектология мамандығы бойынша XІ Республикалық студенттер арасындағы пәндік олимпиадасы
- Подробности
- Опубликовано: 05 апреля 2019
2019 жылдың 4-5 сәуірінде Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде (Қарағанды қ.) 5В010500-Дефектология мамандығы бойынша XІ Республикалық студенттер арасындағы пәндік олимпиадасы өтті. Республикалық олимпиадаға барлығы 13 топ қатысты. Олимпиада мақсаты: болашақ талантты жас мамандарды анықтау және қолдау көрсету, сонымен қатар арнайы және инклюзивті білім беру саласында ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді дайындау бойынша бірегей білім беру кеңістігін құру болып табылады.
Республикалық олимпиада 2 кезеңнен тұрады:
- І-іріктеу кезеңі – жоғары оқу орындарында өткізілді.
- II (қорытынды) кезең – 2019 жылдың 4-5 сәуірінде академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің педагогикалық факультетінде өткізіліді.
Олимпиаданың бағдарламасына келесідей сайыстар кіреді:
- I. «Инклюзивті білім беру: мәселелері мен перспективалары» жобасы тақырыбындағы сайыс
- II.«Эссе». Эссе арнайы және инклюзивті білім беру тақырыптары бойынша жазылады
- III.Тестілеу. Мақсаты: «Арнайы педагогика» және «Инклюзивті білім беру» пәндерінен теориялық білім деңгейлерін анықтау.
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде 5В010500 Дефектология мамандығы бойынша XІ Республикалық студенттер арасындағы пәндік олимпиадасында Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің 5В010500 Дефектология мамандығының 3 курс студенттерінен құралған «Эквилибриум» тобы (Ахметова Д.Б., Қаналы М.Қ, Хасенова Г.Б.) қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Топ жетекшісі: психология және дефектология кафедрасының оқытушысы, п.ғ.м. Бегежанова Р.К.