«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» мамандығы студенттерінің «Сәндік-қолданбалы өнер» туындыларының шығармашылық көрмесі
- Подробности
- Опубликовано: 05 апреля 2019
2019 жылдың 1 сәуір мен 5-ші сәуір аралығында «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының әдістемелік апталығы өтті. Көрмеде студенттердің қолдан жасаған еңбектері өте жоғары дәрежеде орындалды. Көрмені ұйымдастырған аға оқытушылары,педагогика ғылымының магистрлері Мукалиева Баян Хамзовна мен Жандауова Шолпан Еркиновна.
Көрме Университеттің ғылыми ақпараттық кітапхана орталығында ұйымдастырылды. Кітапхана директоры Безаубекова Сания Серікқызы сол өнер туындыларын кітап құндылықтарымен байланыстыра отырып ерекше кіріктірілген көрмені жоғары дәрежеде өтуіне көмектесті. Сусик Татьяна Степановна бүгінгі дүниенің кілті кітапта екендігін айқындауға,көрмеде студенттердің қолдарынан шыққан бұйымдарымен қатар,осы мамандыққа арналған жаңа оқулықтарды көрмеге қойып өз үлесін қосты. Көрмеде студенттердің сәндік-қолданбалы өнер туындыларынан жасаған жұмыстары қойылып,тамашаланды.
Бұл көрме эстетикалық тәрбиеде айнала қоршаған ортадан әдемілікті көре білуге, еленбейтін заттан сұлулықты көруге баулиды. Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру ғана емес,адамзаттың әлемді рухани-эстетикалық тануының «заттанған» көрінісі.
Халықтық рухани бәйтерегі - қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарында эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз.Біріншіден,қазақ қолданбалы өнерінің ішкі тылсым сыры ұғылады
Жалпы,қорытындылай келгенде студенттерді, бейнелеу өнері арқылы шығармашылық көркем мәдениеттің мұрагері етіп тәрбиелеу.
Сәндік-қолданбалы өнер жұмысына үлкен көңіл бөлінген.Ұсынылып отырған жұмыстардың тәрбиелік мәні зор, сонымен қатар оның танымдық және шығармашылық жұмыстардың жағы да өте құнды.