"Қостанай облысының кәсіпкерлерінен бизнес-дәрістер" жобасын іске қосу басталды

Ұйымдастырушылар - «Ruhani zhangyru жобалық кеңсесі» ЖШС «U SMART» ҚМПИ бизнес-инкубаторымен бірге.

Қостанай облысының жоғары оқу орындарында студенттерді нақты мысалдар арқылы ынталандыру мақсатында "Қостанай облысының кәсіпкерлерінен Бизнес дәрістер"жобасын іске қосу жүзеге асырылуда.

5 сәуір күні "Кәсіпкерлік өмір стилі ретінде" тақырыбында бірінші дәрісті Зарина Көкжанова Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттеріне өткізді.

Зарина Көкжанова – "Жас Атамекен" клубында мыңдаған жас кәсіпкерлерді біріктірген, белсенді, еңбекқор кәсіпкер, бизнес-жәрмеңкелерге бастау берді, "Prima"балеттік мектебін құрды. Зарина Көкжанова дамуды, табыс табуды қалайтындарды көлеңкеде қалғысы келмейтіндерді біріктірді.

ҚМПУ студенттері кәсіпкерлік туралы сұрақтар қойды. Өз кезегінде Зарина Көкжанова өз тәжірибесімен бөлісті, пайдалы кеңестер берді. Бизнес-дәріс барысында студенттер көптеген пайдалы ақпарат алды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ғылым, халықаралық қатынастар және инновациялық даму жаңалықтары "Қостанай облысының кәсіпкерлерінен бизнес-дәрістер" жобасын іске қосу басталды