Мамандық таңдау мектеп қабырғасынан
- Подробности
- Опубликовано: 05 апреля 2019
Мамандық таңдау – мектеп түлектерінің күрделі міндеттердің бірі. Бұл ересек өмірге қадам. Жасөспірімнің өзі таңдау жасау қиын, себебі ол көптеген мамандықтармен әлі таныс емес. Сондықтан біздің ЖОО-ның көптеген оқытушылары Қостанай қаласы мен облыс мектептерінің түлектерімен кездесу үшін облыс мектептерін аралап кәсіби бағдар береді.
2019 жылдың 5 сәуірінде ҚХА кафедрасының меңгерушісі О. Н. Евдокимова Қамысты ауданының оқушыларымен кездесті.
Ол әңгіме барысында Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің қысқаша тарихын айтып, ЖОО-дағы білім беру бағдарламаларының тізбесімен таныстырды.
Мамандық таңдауда әлі айқындалмаған оқушыларға кәсіптік бағдар бойынша тесттен өтуді, ата-аналармен және психологпен кеңесуді, ЖОО сайттарындағы ақпаратты оқуды, кәсіпорындарға және т. б. экскурсияларға баруды ұсынды.
«Қоғамға пайда әкелетін мамандық өкілдері бақытқа ие. Осы реттен алғанда педагог мамандығы жігер мен гуманизмнің жарқын үлгісі болып табылады», - деп О. Н. Евдокимова өз сөзін қорытындылай отырып, жарнама буклеттерін таратып, біздің ЖОО-ға түсуге шақырды.