Әдеби интелектуалды-танымдық ойын
- Подробности
- Опубликовано: 21 октября 2019
2019 жылдың 21 қазан күні ақпараттық-кітапхан орталығынның оқу залында, қазақ әдебиетінің алып бәйтеректері С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлинге арналған «Үш бәйтерек» атты әдеби интеллектуалды - танымдық ойын өтті. Іс-шараға филология, әлеуметтік-гуманитарлық, психолого-педагогикалық және жаратылыстану-математика факультеттерінің студенттері қатысты.
Интеллектуалды ойын барысында студенттер 3 топқа бөлінді:
- 1 топ: «Теңдік жыршысы»
- 2 топ: «Серілер»
- 3 топ: «Құлагер»
Танымдық кешіміз 5 кезеңнен тұрды.
- І кезең: «Таныстыру»( әр топ өздерін таныстырады)
- ІІ кезең: «Ұяшық таңда» (сұрақтарға жауап береді)
- ІІІ кезең: «Дода»( шығармашылықтарын көрсетеді)
- IV кезең: «Ойлан тап» ( әр топқа 3 өлең шумағы беріледі,авторы кім екенін табу)
- V кезең: Мақал –мәтел (мақалдың жалғасын табу)
Әдеби интеллектуалды-танымдық ойын қорытындысы бойынша:
- 1 орынды - «Теңдік жаршысы» тобы жеңіп алды.
- 2 орынды - «Құлагер тобы» жеңіп шықты.
- 3 орынды- «Серілер» тобы жеңімпаз атанды.
Үш бәйтеректің жас ұрпаққа салған асыл жолын, қалдырған мол мұрасын сақтап, қастерлеп ұрпақтан –ұрпаққа осындай іс –шаралар арқылы жеткізейік.
Осы іс шараға өз үлестерін қосқан әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің деканы Шахаман З.Б., психология-педагогика факультетінің деканы Айдналиева Н.А., жаратылыстану математика факультетінің деканы Шумейко Т.С., филология факультетінің деканы Нұрмұхаметова Қ.Т. ақпараттық- кітапхана орталығының атынан алғысымызды білдіреміз.