Жас архивистердің форумы

 Ағымдағы жылдың 15 қарашасында Қостанай қаласындағы Жастар сарайында облыстың жас архивистердің форумы өтті.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – жас архивистердің өскелең әлеуетін дәріптеу, архив ісін жандандыру бойынша тың идеялармен алмасу, болашаққа жұмыс жоспарын белгілеу.

Форумның бастамашылары Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасымен облыстың мемлекеттік архиві болды. Осылардың қатарында архив жұмысын жетілдіру және жас архивистердің қызметін жандандыру туралы өз көзқарасын ұсынған жас архивистер де болды.

Форумға белгілі зерттеуші ғалымдар, архив қызметінің ардагерлері, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты.

Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ҚХА кафедрасының профессоры В. Г. Вишниченко, ЧелМУ облыстық филиалының оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, С. В. Самаркин, облыс әкімдігінің жастар саясаты басқармасының басшысы М. Қ. Жұрқабаев және т.б. форум диалогына белсенді түрде қатысты.

Форум  қорытындысы бойынша жас белсенділер мен жұмысты жандандыру, тәлімгерлік бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, еріктілер жылымен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толуын лайықты атап өтуге арналған іс-шаралар кешені белгіленді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз