Психология-педагогика факультетінің 4 курс студенттерімен қазақ тіліне аударылған жаңа оқулықтарды талқылау бойынша дөңгелек үстел
- Подробности
- Опубликовано: 29 октября 2019
«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру аясында 2019 жылдың 29 қазанында психология-педагогика факультетінде дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: студенттерді оқулықтармен таныстыру, студенттерге үздік әлемдік үлгілермен оқуға мүмкіндік беру, сондай-ақ жас ұрпақты жалпы әлемдік зияткерлік құндылықтарға баулу және білім деңгейін арттыруға ықпал ету.
Қауымдастырылған профессор, PhD докторы Ташетов А. А. "Ұйымдық мінез-құлық негіздері" Ст. Роббинс, Т. Джадж., "Интернет психологиясы" Патрисия Уоллейс, "Қазіргі психология тарихы" Шульц Д., Шульц С. Э., психологиядағы қызықты мазмұны мен жаңа көзқарастарды атап өтті.
Психология және дефектология кафедрасының аға оқытушысы Д. С. Тойымбетова сабаққа дайындық кезінде қазақ тіліне аударылған жаңа әдебиеттерді қолдану мүмкіндіктері туралы айтып берді.
"Педагогика және психология" білім беру бағдарламасының қазақ бөлімінің 4 курс студенттері Балахмет А., Жамбекова А., Дәуренбекова А., Усенова Ш., Кабдрахманова А., Муратова Э. мінез-құлық мәселелеріне арналған Ст. Роббинс, Т. Джадж "Ұйымдастырушылық мінез-құлықтың негіздері" кітабының жеке тарау бойынша ақпарат ұсынды.
"Психология" білім беру бағдарламасының қазақ бөлімінің 2 курс студенттері А. Жанбатырова, А. Шакеева Д. Шульц, С. Э. Шульц "Қазіргі психология тарихы" кітабының мазмұны, құрылымы, авторлары туралы ақпаратты ұсынды.
Дөңгелек үстел қонақтары жобалау офисінің басшысы Г.З. Балғабаева, психология-педагогикалық факультетінің 4 курс студенттері мен оқытушылары дөңгелек үстел тақырыптарының маңыздылығын атап өтті.