Қазақстан халқы Ассамблеясы сарапшылары мен ғалымдардарының халықаралық форумына қатысуы
- Подробности
- Опубликовано: 31 октября 2019
2019 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесінің 10 жылдығына арналған «Әралуандықтағы бірлік: қазақстандық және халықаралық тәжірибе» атты ғалымдар мен сарапшылардың халықаралық форумында ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің қазақстандық қоғамның ынтымақтастығы мен бірлігін нығайту аясындағы жұмысы туралы айтылды.
Форумның қонақтары мен спикерлері ҚР Парламентінің депутаттары, олардың Мәскеу, Барнаул, Қырғызстан, Үндістан, Тәжікстандағы қонақтары, ҚХА мүшелері, ғылыми-сараптамалық кеңес және этномәдени бірлестіктер, өңірлердегі ғылыми-сараптамалық топтар мен жоғарғы оқу орындарындағы ҚХА кафедралар, белгілі қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының басшылары болды.
Форумның пленарлық бөлімінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Е. Абіл, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры З. Шаукенова, ҚР Президенті Мұрағатының директоры Д. Абдуқадырова сөз сөйледі.
Кездесу барысында форумға қатысушылар ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің 10 жыл ішіндегі қызметінің қорытындысын шығарып, этносаралық келісімді сақтау жөніндегі мәселелерді зерттеудің ағымдағы жағдайы мен жаңа бағыттарын, ұлттық даму модельдері мен стратегиясын, көпұлтты мемлекеттерге жаһанданудың әсер ету мәселелерін қарастырды.
Күннің екінші жартысында панельдік пікірталастар өткізілді. Ол үшін үш пікірталас алаңы анықталды: Конституция залы, «Жастар» залы, «Нұрсұлтан» залы. Алаңда көпэтникалық қоғамдағы тиімді қарым-қатынас, көпэтникалық қоғамдағы жастардың рөлі және қазіргі заманғы этнодемографиялық үрдістердің персепктивасы мәселелері талқыланды.
ҚХА кафедрасының меңгерушісі О. Н. Евдокимова екінші секцияның жұмысында «Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы қызметінің бір бағыты - медиация институтын дамыту» тақырыбында баяндама оқыды. Ол өз сөзінде ҚХА кафедрасының жұмысы туралы айтып, тыңдаушылары жоғарғы оқу орнының студенттері мен Қостанай қаласы мектептерінің оқушылары болып танылатын медиация және халықтық дипломатия мектебінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
«ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесі – 10 жыл (ҒСК мүшелерінің еңбектері)» көрмесі, ҒСТ, ҚХА кафедраларының мультимедиялық және стендтік тұсаукесерлері форум жұмысын жалғастырды.
ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесі 2009 жылдың қаңтарында Тұңғыш Президент, Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылғанын атап өту керек. ҒСК басты мақсаты тұрақтылық, этносаралық толеранттылық, қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік мәселелерін шешу болып табылады.