Төзімділік тренингі!
- Подробности
- Опубликовано: 22 ноября 2019
2019 жылдың 13 және 22 қарашасы аралығында «Психология» және «Педагогика және психология» мамандықтарының қазақ және орыс бөлімдерінің 2-курс студенттері «Психология және дефектология» кафедрасының оқытушылары Ш.С.Демисенованың және З.Д.Ахметбекованың жетекшілік етуімен «Педагогика және психология», «Дефектология», «Психология», «Мектепке дейінгі білім және тәрбие», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Физика», «Математика», «Тарих», «Бейнелеу өнері» және «Музыкалық білім» мамандықтарының 1-і және 2-і курс студенттері үшін Халықаралық төзімділік күніне арналған тренинг өткізді.
Тренинг оқушылардың төзімділікті өздерінше түсінуі және адамдармен қарым-қатынасты дамыту үшін ойлары мен қиялдарына ерік беріп, ынталандыруға бағытталған. Студенттер тренингтің келесідей жаттығуларына белсенді қатысты: «Сәлемдесу» – қатысушылар түрлі халықтарда қабылданған ишаралар арқылы бір-бірімен танысты және сәлемдесті; «Сыйлық» – ымның және ишараның көмегімен ойдан шығарылған сыйлықты тапсыру; «Өзіңді қабылдау» – қатысушылар өздерінің жақсы жақтары мен кемшіліктерін жазып шығады да, оларды талқылайды; «Шатасқан шимай» – команданың бірлігін нығайтуға арналған жаттығу; «Мамырда кім туды» – тұлғалық қасиеттерді атайды немесе жағдайға сипаттама береді, дұрыс пікір айтылған қатысушылар қандай да бір іс-қимыл жасайды; «Тілектер шумағы» рефлексиясы – бір-біріне ізгі тілектер жібін беріседі.
Тренингтің жаттығулары өзара тиімді және оң әрекеттестікті жүзеге асыруға ықпал ететін мінез-құлықтың дағдыларын және ептілікті қалыптастырады және бекітеді. Тренинг жоғары әдістемелік деңгейде өтті, қатысушылар шараның танымдылығы мол, қызықты, жанға жайлы және көңілді ахуал болғандығын атап өтті.
Аталған шара жастардың бойына төзімділікті сіңіруге, топ мүшелерінің мінезінің ашық болуына, бір-біріне сенім білдіруіне, жақындастыра түсуге ықпал етті.