Психология және дефектология кафедрасы мен Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжінің бірлескен зерттеу жобасы
- Подробности
- Опубликовано: 22 ноября 2019
Ынтымақтастық туралы шарт пен «Сервистік оқыту» пәнінің жобасы аясында ағымдағы семестр бойы «Педагогика және психология» мамандығының 1 курс студенттері мен «Психология» мамандығының 2 курс студенттері Психология және дефектология кафедрасының оқытушылары Ю.Б.Григорованың, О.В.Калиниченконың, З.Д.Ахметбекованың жетекшілік етуімен «Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжі» КМҚК оқушылары арасында адамның өзіне-өзі қол жұмсауына, білім алу ісіне бейімделу деңгейіне, жетістікке жетуге және сәтсіздіктен құтылуға деген уәждің даму деңгейіне диагностикалық зерттеу жүргізді.
Зерттеу жүргізу барысында студенттер практик психологтың жұмысын ұйымдастыру дағдыларын игеруге, келешекте одан ары бірлесе жұмыс істеуге және жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды.