«Үздік ерікті 2019» байқауының жеңімпазы

 2019 жылдың 7 желтоқсанында Жастар Сарайында «Үздік ерікті 2019» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

«Үздік ерікті 2019» атағын психология-педагогикалық факультеттің педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Бекенова Асия Кыкпаевна иеленді.

Асия Кыкпаевна 4 жыл бойы әлеуметтік еріктілік қызметпен айналысады, «Қарлығаш – балалардың бейімделуі мен әлеуметтенуі мектебі» студенттік инновациялық жобасының жетекшісі. Бұл жобаның мақсаты жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балалардың бейімделуіне және әлеуметтенуіне жағдай жасау болып табылады.

Мектеп 4 негізгі бағытта түрлі жобаларды жүзеге асырады: білім беру, әлеуметтендіру, кәсіптік бағдар, қайырымдылық.

Асия Кыкпаевна, дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер, қызықты идеялар және әрі қарай өркендеу тілейміз!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз