Қарттарға арналған пансионаттағы «Денсаулық сағаты»
- Подробности
- Опубликовано: 10 декабря 2019
2019 жылы 10 желтоқсанда қарттарға арналған пансионата жаратылыстану-математика факультетінің "Биология" мамандығының (қазақ бөлімі) 2 курс студенттері Sun Vita орталығында әлеуметтік жобаны жүзеге асыру аясында аға оқытушы Суюндикова Ж.Т жетекшілігімен денсаулық сағаты өткізілді.
Іс шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау. Қарт адамдарға дене белсенділігін сақтау үшін сауықтыруға арналған жаттығулар көрсетілді. Жүрек-қантамырлар жүйесі, сүйек-бұлшықет жүйесі, функционалдық жай-күйін және инфекциялық емес аурулардың қауіп-қатерін төмендету мақсатында студенттер бірқатар қарапайым жаттығуларды көрсетті.
Бұл жеңіл жаттығулар оңай және көңілді өтуі тиіс. Күнделікті осы жаттығуларды орындап, денсаулықтың функционалдық жағдайын жақсартуға және нығайтуға болады. Ұсынылған жаттығулар остеохондроз, инсульт, инфаркт, варикоз,тамырының кеңеюі сияқты әртүрлі аурулардың аладын алады.
Тыңдаушылардың қызығушылығы оянып, олар көрсетілген жаттығуларды белсенді орындады. Сонымен қатар, студенттер аудиторияның көңілін көтеру үшін шағын концерт ұйымдастырды . Тыңдаушылар өте риза болып, алғыстарын білдіріп, осындай іс-шаралардың көптеп өткізілуін атап өтті.