Дөңгелек үстел«Мектепке дейінгі білім берудің заманауи мәселелері»

11 12 2019ppf

2019 жылдың 11 желтоқсанында мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы «Мектепке дейінгі білім берудің заманауи мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның қонақтары мен сөз сөйлеушілері: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысыбойынша ПҚ БАИ»  мектепке дейінгі, бастауышоқыту және тұлғаны тәрбиелеу кафедрасыныңаға оқытушысы, Ионова Светлана Петровна және Қорған облысы, Шадринск қаласы,Шадринск мемлекеттік педагогикалық институты, мектепке дейінгі тәрбие теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидатыКаратаева Наталья Александровна сияқты тәжірибелі педагогтар болды. Ал іс-шараның белсенді қатысушылары ҚМПУ, «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының меңгерушісі Ли Елена Дмитриевна, сонымен қатар аталған кафедраның оқытушылары мен студенттері болды.

Іс-шарада оқытушылар мен студенттер Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі білім берудің заманауи мәселелерін белсенді түрде талқылады, сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде  белсенді қолданылатын келесі нормативтік құжаттардың кейбір бөлімдерін қарастырды:ҚР-ның мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың типтік оқу жоспары, 2019-2020 оқу жылына арналған оқу-әдістемелік нұсқаулық хаты және т.б. құжаттар.

Дөңгелек үстел барлық қатысушыларға талқыланатын мәселе бойынша өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік берді, содан кейін іс-шараға қатысушылар қазіргі заманғы мектепке дейінгі тәрбие мәселелері бойынша ортақ пікір қалыптастырды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті Дөңгелек үстел«Мектепке дейінгі білім берудің заманауи мәселелері»