ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан» аттыкураторлық сағаты

2019 жылдың 10 желтоқсанында сағат 12:30-да 424 дәрісханада «Информатика» және «Информатика, робототехника және жобалау» білім беру бағдарламасының 1-4 курс студенттері арасында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан» атты кураторлық сағат өткізілді.

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Енді ағайын, көгінде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі – Әнұраны!

Осы тамаша сөздерден Тәуелсіздік Күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара басталды.

Жүргізушілер «Информатика» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Қайдарова Нұрсұлу және Утегенов Хазрет сөздерінен кейін интеллектуалды ойын ойнатылды. Студенттер екі командаға бөлінді. Студенттердің назарына арнайы дайындалған тұсаукесерде ойынның 6 кезеңі және оның тапсырмалары көрсетілді. Студенттер тапсырмаларды қызығушылықпен ат салыса орындады. Әділ қазы мүшелері Айтбенова А.А., Даулетбаева Г.Б., Ерсултанова З.С. аға оқытушылары болды. Соңында 4 курс кураторы З.С. Ерсултанова студенттерді осы мерекемен құттықтап,өз Отанының лайықты азаматы болуға тілек білдірді.

Біз баршаңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз және мерекелік кураторлық сағат ұйымдастырушыларына және барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!

10 12 2019 1

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан» аттыкураторлық сағаты