Ресей мен белсенді диалог
- Подробности
- Опубликовано: 10 декабря 2019
2019 жылдың 10 желтоқсанында Психологиялық-педагогикалық факультеттің педагогика кафедрасының оқу залында «ХХІ ғасыр студенттерінің дағдылары мен құзыреттерін дамытудың тиімді әдістері» атты халықаралық онлайн-семинар өтті. Семинардың модераторлары Калининградтағы «Болашақ мектебі», Қостанай қаласының №1 мектеп-лицейі, Ө.Сұлтангазин атындағы ҚМПУ-дің педагогика кафедрасы болды. Семинарда Калининград мектебінің мұғалімдері ағылшын тілінің сөздік қорын үйренуде кодтау әдістері мен дағдыларды дамыту бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Математика пәні мұғалімінің «Сабақта ойын тәжірибесі» әдістемесін қолдану туралы, орыс тілі пәні мұғалімінің «Интернет-мемдермен» жұмыс жасау туралы қызықты зерттеу жұмысы және орта мектепте тілдік сергектікті дамыту туралы баяндамасы ерекше қызықты болды.
Педагогика кафедрасы интернет-ресурстарды оқу процесінде қолданудың жаңа мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты. Бастауыш сынып мұғалімдерінің «I-класс» жобасы қазақстандық «Күнделік» жобасымен көп ұқсастыққа ие, онда үш субъект арасында белсенді байланыс жүзеге асырылады: оқушы – мұғалім – ата-аналар. Семинарда Калининград қосымша білім беру педагогы оқушылардың қаржылық сауаттылығын дамыту бағдарламасымен бөлісті. Педагогика кафедрасының оқытушылары модераторлар арасында белсенді диалог құруға, сұрақтар қоюға, бірнеше тапсырмаларды орындауға және университеттегі оқу процесінде қолданылатын инновациялық әдістерді өздеріне белгілеп алуға мүмкіндігі болды.
Онлайн семинардың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға қатысу сертификаттары табысталды. Болашақта педагогика кафедрасы ресейлік «I-класс» жобасындағы оқыту семинарына қатысуды жоспарлады