«Қазақстан менің отаным» атты V Республикалық студенттік конференция
- Подробности
- Опубликовано: 06 декабря 2019
2019 жылдың 6 желтоқсанында Қарағанды қаласындағы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан тарихы және ҚХА кафедрасы базасында «Қазақстан менің отаным» атты V Республикалық студенттік конференция өтті.
Аталмыш конференцияға Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Ш.Уалиханов атындағы ҚМУ Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің және Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері қатысты. Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінен 20-студент өздерінің зерттеп жүрген ғылыми жұмыстары бойынша баяндама жасады.
Қазақстан тарихы «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша студенттеріміз бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Мақалалары жарық көрген жинақ әр студентке табысталды. Сартаев Рауан І орын, Нұркелді Перизат І орын, Қайрғали Нұрымжан ІІ орын, Жантасов Ораз ІІ орын, Айтуганова Манат ІІ орын, Кожамбердиев Султан ІІ орын, Идрисова Айдана ІІ орын, Ұзақбай Алуа ІІ орын, Мұсақов Дархан ІІІ орын және Сеилганова Нурай ІІІ орын. Университетіміздің студенттері республикамыздың басқа түкпірлерінен келген ғалымдармен және зерттеуші студенттермен танысып ғылыми зерттеу тақырыптарына қатысты мәселелерді көпшіліктің талқысына салуға мүмкіндік алды.
Әрине, мұндай жетістік студенттердің ізденулерімен олардың ғылыми жетекшілерінің еңбектерінің нәтижесі. Студенттердің ғылыми жетекшілері - т.ғ.д., профессор Аманжол Күзембайұлы, т.ғ.к., профессор Майсара Бекмағамбетова, т.ғ.к., доцент Наурызбаева Эльмира, PhD докторы Рауан Байдалы, тарих магистрі Бектұрғанов Қуаныштардың шәкірттерді ғылымға баулудағы жетістіктерімен құттықтаймыз.
Конференциядан соң студенттер әлемге әйгілі «Карлаг» мұражайына (Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейі) экскурсия жасады.