21 ақпан 2020 жылы жаратылыстану-математика факультеті жаратылыстану ғылымдары кафедрасының 2-3 курс студенттерімен кафедра апталығы аясында көптілділік орталығымен бірлесіп, ағылшын тілінде «It's Game» интеллектуалды ойыны өтті. Бұл ойынды ұйымдастырушылар жаратылыстану кафедрасының оқытушылары: Губенко М.А., Баймағанбетова Б.Б., Бобренко М.А., Божекенова Ж.Т., Коваль В.В., Кожмухаметова А.С., Таукелов Ч.А. , сонымен қатар көптілділік орталығының жетекшісі Абишева С.К.
21 ақпан 2020 ж. Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің негізінде 9-11 сынып оқушылары арасында алғашқы аймақтық роботты техника бойынша облыстық олимпиада өткізді Бұл іс-шараны Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы келесі мақсатта ұйымдастырды:негізгі жалпы және орта білімнің жалпы білім беретін бағдарламаларын меңгеріп жатқан оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын анықтау және дамыту; дарынды балаларды қолдау үшін қажетті қолайлы жағдай жасау; жастар арасында ғылыми білімді тарату және дәріптеу; тұлғаның қалыптасуының бастапқы кезеңдерінде жастардың кәсіптік бағдарлануы болып табылады.
2020 жылдың 21 ақпанында Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының апталығы аясында «География» мамандығының студенттері арасында «Әлеуметтік география – қолданбалы зерттеулер» тақырыбы бойынша ғылыми тыңдалым өтілді. Ғылыми тыңдалымның мақсаты – студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатыстыру. Бұл шараның ұйымдастырушылары жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушылары Баймағанбетова К.Т. және Ахметова Э.Б.
«Туған жер» жобасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын тойлау туралы қаулысын орындау мақсатында, Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті 2020 жылдың 19 ақпанында жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында «Абай оқулары» өңірлік байқауын өткізді. «Абай оқулары» байқауының мақсаты: Абай шығармалары мен қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, классикалық әдебиетті оқуға студенттердің қызығушылығын арттыру, басқа ұлттардың тілдеріне аударылған Абай шығармаларымен танысу, Абай шығармалары арқылы көркем оқуды дамыту, тіл мәдениетін дамыту, Абай шығармаларындағы эстетикалық талғам мен жеке қасиеттерді мен ұлттық рухани мұраға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының апталығы аясында 2020 жылдың 18 және 20 ақпанында профессор-оқытушылар құрамының биология ғылымдарының докторы, профессор Т.М. Брагина, биология магистрі, аға оқытушы, Ғылым және халықаралық қатынастарды басқару ғылыми орталығының жетекшісі М.А. Бобренко және биология магистрі, аға оқытушы М.М. Рулёва Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 2 мектептің жоғары сынып оқушылары мен «Биология» білім беру бағдарламасының үшінші курс студенттеріне арналған «Биологиялық әртүрлілікті зерттеудің инновациялық молекулярлы-генетикалық әдістері» мастер-классы өткізілді.
2020 жылдың 20 қаңтары мен 08 ақпаны аралығында 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» және 5В012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары 3 курс студенттерінің оқу-тәрбие педагогикалық практикасы өткізілді. 20-ақпан күні студенттер практиканың есептік құжаттарын қорғады.Мақсаты: студенттердің есептік құжаттарын қорғауын ұйымдастыру, кәсіби іс-тәжірибе нәтижесін қорытындылау, жетілдіру жолдарын талқылау. Іс-шараға филология департаменті басшысы ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Нұрмұхаметова Қарлығаш Тұрғанбекқызы және қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы оқытушылары: ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Мырзағалиева К.М., ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Мамиева Б.О., ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Исова Э.А., гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушы Сейсембай Т.Т., аға оқытушы Сейсембай Г.А., сонымен қатар, педагогика бойынша әдіскер аға оқытушы Әбдіркенова А.Қ. қатысты.
2020 жылдың 19-шы ақпаны күні жаратылыстану ғылымдары кафедрасында әдістемелік апта аясында «Орта мектепте жаңартылған мазмұнды білім беру бағдарламаларын игеруге адаптациялану механизмдері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының орта мектеп бағдарламалары мазмұнын ескерумен қалыптасу мүмкіндіктерін талдау; жоғары оқу орнында және мектепте білім беруді жетілдіру сұрақтарын талдау, пікір және тәжірибе алмасу болды. Семинарға мектеп мұғалімдері шақырылды: Жумагулова Қ.Ж. - химия пәні мұғалімі, Зейнуллина М.Ж. – география пәні мұғалімі (Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернат); Демесенов Б.М. - биология пәні мұғалімі, Садвакасов А.Ж. - география пәні мұғалімі (Қостанай қаласының физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі); Нугуманова К.А. – химия пәні мұғалімі, Төлеміс Ж.С. - биология пәні мұғалімі (ақпараттық технологиялардың мамандандырылған «Озат» мектеп-лицей-интернаты). Семинарға 3 курс студенттері қатысты (химиктер, биологтар, географтар).
2020 жылдың 19 ақпан күні кезекті Филология департаментінің ұйымдастыруымен қала мектептерінің оқушыларымен «Ашық есік күні» өтті. Іс-шараға Қостанай қаласының (№9, №6, №20, №16, ЖЖМ) мектептерінен 50-ден астам мектеп оқушылары қатысты. Жалпы іс-шараның мақсаты студенттердің рекрутинг стратегиясының басым бағыттарының көтеру болып табылады. Департамент басшысы Қ.Т. Нұрмұхаметова, білім беру бағдарламаларының басшылары мен мемлекеттік қызмет және рекрутирлеу басқармасының бастығы Н. В. Ковалева сөз сөйлеп, аталмыш іс-шарада ҰБТ тапсыру рәсімі, жоғары оқу орнын дұрыс таңдау, жалпы болашақ мамандықты таңдауда дұрыс шешім қабылдауға көмектесті.
2020 жылдың 18 ақпанында Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және республикада бейбітшілік пен келісімді сақтау мақсатында жалпы республикалық акция аясында Қостанай облысының 6697 әскери бөлімінде толеранттылық пен патриотизм сабағы өтті.Аталған іс-шараға Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ҚХА кафедрасының қауымдастырылған профессоры В.Г. Вишниченко қатысып негізгі хабарлама жасады. Барлығы 170 адам болатын бөлімшенің жеке және командалық құрамы іс-шараның қатысушылары болды. В. Вишниченко өз сөзінде елдегі ұлтаралық қатынастарды тұрақты деп сипаттап, ақпан айының басында Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғалардан сабақ алуға және туындаған мәселелерді ұлтаралық және саяси деңгейге көшірмей шешуге ерекше назар аударды.
2020 жылдың 18 ақпанында жаратылыстану ғылымдары кафедрасының әдістемелік апталығы жарқын оқиғамен толықтырылды. Кафедра профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Әбдіқалықова Қалимаш Ахатқызы "Химия" мамандығының 3 курс студенттерімен "Көмірсулар: альдегидспирттер және кетоспирттер" тақырыбында "Органикалық молекулалардың функционалдық туындылары химиясы" пәні бойынша ашық сабақ өткізді. Профессор үшін ашық сабақ – әдеттегі құбылыс, бірақ бұл сабақты стандартты деп атауға болмайды. Сабақ атмосферасын жаңарту рухы студенттік ортаға да таралады. Қалимаш Ахатқызы - тәжірибелі тәлімгер, мектеп сабақтарына жиі барады, қазіргі сабақтың оң және проблемалық жақтарын біледі.