Ашық есік күні

2020 жылдың 19 ақпан күні кезекті Филология департаментінің ұйымдастыруымен қала мектептерінің оқушыларымен «Ашық есік күні» өтті. Іс-шараға Қостанай қаласының (№9, №6, №20, №16, ЖЖМ) мектептерінен 50-ден астам мектеп оқушылары қатысты. Жалпы іс-шараның мақсаты студенттердің рекрутинг стратегиясының басым бағыттарының көтеру болып табылады.

Департамент басшысы Қ.Т. Нұрмұхаметова, білім беру бағдарламаларының басшылары мен мемлекеттік қызмет және рекрутирлеу басқармасының бастығы Н. В. Ковалева сөз сөйлеп, аталмыш іс-шарада ҰБТ тапсыру рәсімі, жоғары оқу орнын дұрыс таңдау, жалпы болашақ мамандықты таңдауда дұрыс шешім қабылдауға көмектесті. Әр оқушы үшін студенттердің қалай білім алатындығын, студенттік өмірлерін қалай өткізетінін білу маңызды, бұл үшін біз оларға филология департаментінің 2-4 курс студенттерімен кездесуге мүмкіндік бердік.

Олар Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-ға түскен әрбір студенттің қандай мүмкіндіктері бар екенін егжей-тегжейлі айтып берді. Ресми бөлімнен кейін мұғалімдер мен мектеп оқушылары Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған аймақтық «Абай оқулары» байқауын тамашалауға шақырды.

19 02 2020 1

19 02 2020 2

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз