Толеранттылық пен патриотизмге арналған жалпы республикалық сабақ
- Подробности
- Опубликовано: 18 февраля 2020
2020 жылдың 18 ақпанында Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және республикада бейбітшілік пен келісімді сақтау мақсатында жалпы республикалық акция аясында Қостанай облысының 6697 әскери бөлімінде толеранттылық пен патриотизм сабағы өтті.
Аталған іс-шараға Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ҚХА кафедрасының қауымдастырылған профессоры В.Г. Вишниченко қатысып негізгі хабарлама жасады.
Барлығы 170 адам болатын бөлімшенің жеке және командалық құрамы іс-шараның қатысушылары болды.
В. Вишниченко өз сөзінде елдегі ұлтаралық қатынастарды тұрақты деп сипаттап, ақпан айының басында Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғалардан сабақ алуға және туындаған мәселелерді ұлтаралық және саяси деңгейге көшірмей шешуге ерекше назар аударды.
Жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткен іс-шараға қатысушыларға Қордай оқиғаларына байланысты Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаев пен ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың ел азаматтарына арналған бейне үндеулері көрсетілді, ондағы болған оқиғаларға объективті баға беріліп, туындаған мәселелерді жою бойынша нақты міндеттер қойылды.
Іс-шараға А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ іргелі зерттеулер институтының директоры, з.ғ. к. Ә. Б. Бекмағамбетов қатысып сөз сөйледі.