Сапалы іс-тәжірибе – біліктілік кепілі
- Подробности
- Опубликовано: 20 февраля 2020
2020 жылдың 20 қаңтары мен 08 ақпаны аралығында 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» және 5В012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары 3 курс студенттерінің оқу-тәрбие педагогикалық практикасы өткізілді. 20-ақпан күні студенттер практиканың есептік құжаттарын қорғады.
Мақсаты: студенттердің есептік құжаттарын қорғауын ұйымдастыру, кәсіби іс-тәжірибе нәтижесін қорытындылау, жетілдіру жолдарын талқылау.
Іс-шараға филология департаменті басшысы ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Нұрмұхаметова Қарлығаш Тұрғанбекқызы және қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы оқытушылары: ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Мырзағалиева К.М., ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Мамиева Б.О., ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Исова Э.А., гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушы Сейсембай Т.Т., аға оқытушы Сейсембай Г.А., сонымен қатар, педагогика бойынша әдіскер аға оқытушы Әбдіркенова А.Қ. қатысты.
Машықкерлер жеке-жеке өз жұмыстарының нәтижесімен таныстырып, тәжірибеден өту кезіндегі қол жеткізген жетістіктері мен кездескен қиындықтары жайлы ой бөлісті. Сабақ үрдісін жаңартылған білім беру мазмұнына сай өткізудің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталды. Жаңашыл әдіс-тәсілдердің қолданысы, қазіргі мұғалімге қойылатын талаптар, оқушымен қарым-қатынас жасаудың педагогикалық аспектілері, кәсіби іс-тәжірибені жетілдіру мәселелері студенттер арасында қызу талқыланып, ұтымды ойлар айтылып, ұсыныстар жасалды.
Сөз соңында әдіскерлер де өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді. Есептік қорғау нәтижесі 3 курс студенттерінің болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтары мен құлшыныстарын байқатты.