Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арнайы аймақтық «Абай оқулары» байқауы

«Туған жер» жобасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын тойлау туралы қаулысын орындау мақсатында, Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті 2020 жылдың 19 ақпанында жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында «Абай оқулары» аймақтық байқауын өткізді.

«Абай оқулары» байқауының мақсаты: Абай шығармалары мен қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, классикалық әдебиетті оқуға студенттердің қызығушылығын арттыру, басқа ұлттардың тілдеріне аударылған Абай шығармаларымен танысу, Абай шығармалары арқылы көркем оқуды дамыту, тіл мәдениетін дамыту, Абай шығармаларындағы эстетикалық талғам мен жеке қасиеттерді және ұлттық рухани мұраға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

«Абай оқулары» байқауы 3 номинация бойынша өткізілді:          

  1. "Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы" номинациясы - Абай өлеңдерін жатқа оқу сайысы.
  2. "Абай қара сөздері – тағылымды мұра" номинациясы бойынша Абайдың қара сөздерін жатқа оқу.
  3. "Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар" номинациясы – студенттің Абай әндерін орындау шеберлігі бағаланады.

Байқауға ЖОО мен колледждерден 64 студент қатысты:

  1. Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ
  2. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ
  3. Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты
  4. З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті
  5. ҚР IIМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы
  6. Қостанай педагогикалық колледжі
  7. Қостанай индустриалды колледжі
  8. Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық

колледжі қатысып, өз бақтарын сынады.

Қазылар алқасы ретінде шақырылды:

  1. Серікқазы Қорабай – «М.Әуезов атындағы өнер және әдебиет институты» «Абайтану және әдебиет» бөлімінің меңгерушісі
  2. Қонысбек Бегайдаров – І.Омаров атындағы қазақ драма театрының әртісі, «Мәдениетқайраткері», «Ерен еңбегі» медалінің иегері.
  3. Өтелбаева Салтанат Амантайқызын –Республикалық ақындар айтысының лауреаты, Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі басшысының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары.
  4. Ербол Ипбергенов – «Қостанай» телеарнасының басшысы.
  5. Гүлбану Абдулина – Мәдениет қайраткері,Мәдениет саласының үздігі, Филормония әншісі.
  6. Абдибекова Айкүміс Елікбаевна – А.Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ көптілділік орталығының жетекшісі

Іс-шара жарыс форматында, яғни өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, топ жарып шыққан қатысушыларға жүлделі орындарды табыстау арқылы жеңімпаздар анықталды. «Қостанай» телеарнасынан түсірілім және «Қостанай таңы», «Наш Костанай» газеттерінен мамандар келіп, сұхбат алынды.Бұл іс-шараға баспасөз өкілдерінен "Қостанай" телеарнасының, "Қостанай таңы" және "Наш Костанай"газетінің журналистері қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша ақшалай қаражат бөлініп келесі жүлделі орындар анықталды (1 орын – 50 000 теңге; 2 орын – 30 000 теңге; 3 орын – 20 000 теңге):

Абай қара сөздері – тағылымды мұра» номинациясы

  • І орын - Жұмабек Аружан, З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті, «Құқықтану», 2 курс
  • ІІ орын - Кендірбекова Ляззат, Ы.Алтынсарин атындағы АрМПИ, «Қазақ тілі мен әдебиеті» 1 курс;
  • ІІІ орын - Адай Аружан Ө. Сұлтанғазин ат. ҚМПУ, «Шетел тілі: екі шетел тілі», 1 курс.

«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы

  • І орын - Сактабергенова Аққу, Қостанай педагогикалық колледжі, «Қазақ тілі мен әдебиеті» 3 курс;
  • ІІ орын - Шифнер Надежда, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, «Құқықтану» 3 курс;
  • ІІІорын - Ақылжан Нағашыбай, З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті, «Құқықтану», 2 курс.

«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» номинациясы

  • І орын - Жазыкпаев Бекболат, Ө. Сұлтанғазин ат. ҚМПУ, «Музыкалық білім», 3 курс;
  • ІІ орын - Каримова Диана, Ө. Сұлтанғазин ат. ҚМПУ, «Шетел тілі: екі шетел тілі», 2 курс;
  • ІІІ орын - Туретбаева Акмарал, Ө. Сұлтанғазин ат. ҚМПУ, «Шетел тілі: екі шетел тілі», 2 курс.

       Іс-шараға қатысушылар, қонақтар, әділ қазылар алқасы жоғары кәсібилігімен әділ түрде шешім шығарып, жүлдегерлерді мараппаттады.

DSC 5980

21 02 2020 2

21 02 2020 3

Фотогалерея: https://www.facebook.com/pg/kspi.kz/photos/?tab=album&album_id=3037304642956275

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арнайы аймақтық «Абай оқулары» байқауы