Тарихшы студенттер «Вirlik pen kelisimge 25 jil» концертін тамашалады
- Подробности
- Опубликовано: 28 февраля 2020
2020 жылдың 28 сәуірінде облыстық филармонияда Алғыс айту күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған концерт өтті. Концертті облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық Достық үйі ұйымдастырды.
Филармонияның холында мереке қонақтарын түрлі бауырсақтармен қарсы алып, дәл осы жерде қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды. Біздің мемлекетте Алғыс айту күні бесінші жыл аталып өтілуде. Бұл барлық қазақстандықтардың өміріндегі ең маңызды күндердің бірі.
Алғыс Қазақстанда халық жадысын байланыстыратын және біріктіретін ұлттық кодтың адамгершілік ажырамас бөлігі ретінде ерекше мағынаға ие. Алғыс айту күні елімізде жүргізіліп жатқан бейбітшілік пен келісім саясатының символы болып табылады, оның негізін Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев салды, — деді, облыстық ҚХА басшысы, облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.
Қазақ және орыс драма театрларының актерлері театрландырылған көріністе қазақ халқының қуғын-сүргін жылдары мен соғыс жылдары өз жерінде түрлі халықтардың, ал 50-ші жылдары – алғашқы тың игерушілер мен кеншілердің қонақжайлығы мен қуанышын көрсетті.
«Вайнах» шешен-ингуш ЭМБ төрағасы Эльбрус Тимаев өз сөзінде жүрегінің екіге бөлінгенін мойындап, біріншісі тарихи отаны – Шешенстанға, екіншісі мәңгілікке Қазақстанға тиесілі екенін айтты.
- Бізге, тарихшыларға міндетті түрде осындай іс-шараларға қатысу керек. Бұл әдемі концерт қана емес, әрбір қазақстандық өз тарихын білуі тиіс. Біз болашақ мұғалімдеріміз, жақында мектепке барамыз, біз оқушыларымызға өз Отанынан қуылған халықтың барлық ауыртпашылығын және Қазақ жерінің берген жақсылыққа бастаған үкілі үмітін жеткізе білуіміз керек, - деп, «Тарих» мамандығының ІІ курс студенті Николаенко Владислав өз пікірін білдірді.
- Көптеген халықтардың өкілдері Қазақстанның суық даласында өмір сүруге тасталды. Сол жерлерде тұрған жандардың жылуы ғана адамдардың өлуіне жол бермеді. Театрланған қойылымның кейбір сәттерінде менің көзіме жас келді. Келесі аптада ҚХА кафедрасында біз Алғыс айту күніне арналған кездесу өткіземіз. Кейбір сәттерді ескеруге болады! – деп, «Тарих» мамандығының ІІ курс студенті Мендыбаева Татьяна атап өтті.
Студент-жігіттер өздерінің эмоцияларын сақтап қалды, бірақ барлығы тарихи және логикалық қисыны келген қызықты қойылымды, осындай концерттердің маңыздылығын және ЖОО студенттерінің осындай іс-шараларға міндетті түрде қатысу керек екенін атап өтті.
Мереке соңында кәріс этномәдени бірлестігі көрермендерге тарту дайындады. «SuperStar.kz» жобасының бірінші маусымының финалисті - Роман Ким Қазақстан халқы Ассамблеясының әнұранын орындады.