«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жоба аясында тарих оқулықтарының тұсаукесері
- Подробности
- Опубликовано: 27 февраля 2020
Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жоба аясында үздік оқулықтар іріктеліп, қазақ тіліне аударылды. У. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ кітапханасына 2018 жылдан бастап аударылған оқулықтар келіп түсуде.
Қазақстан тарихы кафедрасының әдістемелік апталығы аясында қазақ бөлімінде оқитын тарихшы студенттер тарих бойынша оқулықтарды таныстырды және талқылады. Іс-шара басында жоба кеңсесінің жетекшісі Г. З. Балғабаева осы жобаны біздің университетте жүзеге асыру туралы ақпаратпен таныстырды.
Эдуард Уади Саид "Ориентализм" оқулығын 3 курс студенті Сартаев Рауан ұсынды. Бұл оқулықтың тарихшылар үшін қызығушылық танытатынын көрсетті.
2 курс студенті Қапан Асель Данн Росса Е. «Panorama: дүниежүзі тарихы» оқұлығымен таныстырды. Ол әрбір том бойынша оқулықтың мазмұнына тоқталып, студенттерді семинар сабағына дайындау кезінде 2-кі томдық материалды қолдануға шақырды.
«Анропология; тарихы мен теориясы» оқулығын 2 курс студенті Төлеубаева Аружан ұсынды , ол осы оқу құралының ерекшелігі мен бірегейлігін көрсетті.
Студенттер алдында Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Р. Ж. Байдалы сөз сөйлеп, студенттерді оқу үрдісінде ұсынылған оқулықтарды қолдануға шақырды.
Жобалау офисінің басшысы Балгабаева Г.