Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша азаматтық бастамалардың облыстық конгресі
2018 жылдың 14 желтоқсанында ҚМПУ қабырғасында Қостанай облысы бойынша "ГРиН" Азаматтық альянсының қамқорлығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Азаматтық бастамалар конгресі өтті. Конгресс аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, осы қызметке азаматтық қоғам мен қоғамдық кеңестердің өкілдерін белсенді тарту бойынша жұмысты күшейту жолдары туралы диалог құрылды. Конгресс шеңберінде ҚР Қостанай облысындағы 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруды сыртқы талдау мен бағалаудың арнайы мониторингтік топтың отырысы болды.
2018 жылдың 14 желтоқсанында Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің қабырғасында Қостанай облысы бойынша "ГРиН" Азаматтық альянсының қамқорлығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Азаматтық бастамалар конгресі өтті.
Конгресс аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, осы қызметке азаматтық қоғам мен қоғамдық кеңестердің өкілдерін белсенді тарту бойынша жұмысты күшейту жолдары туралы диалог құрылды.
Конгресс шеңберінде Қазақстан Республикасының Қостанай облысындағы 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруды сыртқы талдау мен бағалаудың арнайы мониторингтік топтың отырысы болды.
Конгресс жұмысына Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің хатшысы Валерий Георгиевич Вишниченко қатысып, сөз сөйледі.
Ол өз сөзінде еліміздің қоғамдық кеңестерінің қызметін жетілдіру бойынша проблемалық мәселелерге тоқталып, олардың жұмысының тиімділігін арттыру бойынша бірқатар нақты ұсыныстар енгізді.
Конгресс қорытындысы бойынша аталған мәселелерді шешудің нақты жолдары анықталған тиісті қарар қабылданды.