Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты кездесу
2018 жылдың 22 қазанында «Әлеуметтік және гуманитарлық» факультетінің, Құқық және экономика мамандығының 3 курс студенттері: Гаппар Айзере, Матығұлов Дәуіржан, Қуаныш Сымбат, Өмірбаева Құрманкүл, Мухамедрахимова Жансулу, Оспанова Камила, Рахимгалиева Анара және Бекмагамбетов Р.К., Разуваева М.В. мұғалімдерімен бірге «Әлеуметтік процестерді мемлекеттік және азаматтық қоғам тұрақтылығының факторы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы модельдеу» конференциясына белсене қатысты.

Конференцияның ұйымдастырушылары Қостанай облысының азаматтық альянс ГрИн» ҚҚ, Қостанай облысының жастар саясатының басқармасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болды.
конференция Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын түсіндіруге және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы оң тәжірибе туралы ғылыми зерттеулерді жалпылама жасауға бағытталған. Кездесу барысында конференция жұмысының форматы, қатысушыларға қойылатын талаптар және ұсынылған жобалар талқыланды. Осы кездесудің қорытындысы бойынша студенттер өздерінің сұрақтарына жауаптар және жобаларды дайындау үшін ұсыныстар алды.
Разуваева М.В.