2017 жылдың 29 қарашасында сағат 11:00-де Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа 45 минут» акциясы өткізілді. Бұл іс-шара білім беру ұжымдарында түсіндірме жұмыстарын жүргізетін республикалық акция аясында, 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын талқылау барысында өткізілді. Назарбаев Университетінің шеңберінде Нархоз университетінің бастамасымен және Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен академиялық адалдық тақырыбына телекөпір өтті, Қазақстанның жоғары оқу орындарының басшылары да қатысты.

2017 жылдың 24 қараша күні Қостанай мемелкеттік педагогикалық институтының студенттері А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік универститеті алаңында, қоғамның мемлекеттік органдар мен мемелкеттік қызметкерлерге сенімін арттыру, мемлекеттік қызметкерлердің оң имиджін арттыру мақсатында, Қостанай облысының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті мен Қостанай облысы әкімдігінің Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен, «100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге негізінде аспанға 100 шар жіберумен, «Адал бол» акциясына белсенділік танытып қатысты.

15 қараша 2017 ҚМПИ-да ММ «Қостанай облысы әкімінің аппараты» Сюндиков Қайрат Жандильдинұлы әлеуметтік - гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық факультеттерінің түлектерімен уәкілетті этика бойынша кездесу өтті. ҚМПИ-дың аппарат жетекшісі Бекмагамбетов Р.К. кездесудің модераторы боп сөз сөйледі. Ол өзінің кіріспе сөзінде, институт жергілікті атқарушы органдармен тұрақты ынтымақтасатыны туралы атап өтті. Қостанай облысы бойынша 2017 жылдың наурыз айында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің департаменті Меморандумға қол қойды, жұмысты жандандырудың арқасында кейбір түлектер мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеуге бағдарланған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл бойынша бірлесіп жұмыс жүргізілуде.

2017 жылдың 6 сәуірі күні ҚМПИ студенттері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында департамент өкілдері сыбайлас жемқорлық жайлы толық ақпарат берді. Пара беру мен пара алу арасындағы айырмашылық, кесілетін жаза мен жауапкершіліктер заң жүзінде қалай жүзеге асатыны жайлы ашып айтты. Жемқорлықтың түрлеріне де тоқталып, қандай жағдайлардан жырақ жүру керек екендігін студенттердің санасына сіңдіре білді. Сонымен қатар, «мемлекеттік қызметкер атану үшін не істеу керек?» деген сұрақты егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Департамент басшысының орынбасары Асхат Батыржанұлы «Біздің үкіметке сіздер секілді мамандар керек. Себебі, сіздер болашақ ұрпаққа білім мен ілім жолын ашасыздар. Сондықтан, сіздерге артылатын жауапкершілік екі есе. Келекшекте көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ тәрбиелеу – сіздердің қолдарыңызда.»,- дей отыра, аталмыш кездесудің неліктен ҚМПИ студенттерімен өтіп отырғандығының басты мақсатын айқындай кетті.

2017 ж. 10 ақпан күні жаратылыстану-математика факультетінде ректордың кеңесшісі т.ғ.к. Бекмагамбетов Р.К.  қатысуымен «Лаңкестікпен күрес және сыбайлас жемқорлыққа қарсылық туралы» семинар өткізілді. Жастармен кездесу барысында оларға ҚР лаңкестікпен күрес халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау, заңдылықты сақтау, лаңкестік әрекет жасалғаны үшін жауапқа тартылу сияқты маңызды басымдылықтарда негізделетіні түсіндірілді.

2017 жылдың 25 қантарында «Студент жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын қалыптастыру» атты дөңгелек столын Қостанай облысы және Ш. Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай Академиясы, Басқармасымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша Департаменттің мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша, ҚМПИ психология және дефектология кафедрасы ұйымдастырды.

2016 жылдың 6 желтоқсанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 4 курс студенттері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облыстық Департаментінің өкілдерімен кездесу өтті. Практика, жұмыспен қамту және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бастығы Нурушева Алия Балгабаевна кездесу барысын бастады.

2016 жылғы 5 сәуірде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 2 курс студенттерінің арасында семинар өтті. Семинарға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкері Д.Б.Ахметжанов шақырылды. Ол тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, мемлекеттік қызмет, Қостанай облысы мен тікелей студенттер арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқу құралын көрсету арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүргізу жайлы әңгімеледі.

«Сыбайлас жемқорлық» түсінігі (латынша corruptio) — пара беруді, өзінің қызметтік дәрежесінің лауазымды тұлғасын жеке баю мақсатында тікелей пайдалану деген мағынаны береді. 2016 жылғы 27 қаңтарда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында үш факультеттің профессор-оқытушылар құрамына Мемлекеттік қызмет істері министрлігі департаментінің аға маманы Д.Б.Ахметжанов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дәріс оқыды

2016 жылғы 27 қаңтар айында Департамент Министрлігінің мемлекет қызметкері Ахметжанов Д.Б. шет тілдері факультеті оқытушылары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» деген тақырыпта дәріс өткізді. Негізгі бағытта мемлекеттік ұйымдарда пара алу мәселесі қозғалды. Сөз соныңда оқытушылар оған қызықты сұрақтар қойды, сонымен қатар оқытушыларарасында анкета жүргізді және сыбайлас жемқорлық туралы видеоролик көрсетілді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар