«Жемқорлыққа жол жоқ!»

2017 жылдың 6 сәуірі күні ҚМПИ студенттері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында департамент өкілдері сыбайлас жемқорлық жайлы толық ақпарат берді. Пара беру мен пара алу арасындағы айырмашылық, кесілетін жаза мен жауапкершіліктер заң жүзінде қалай жүзеге асатыны жайлы ашып айтты. Жемқорлықтың түрлеріне де тоқталып, қандай жағдайлардан жырақ жүру керек екендігін студенттердің санасына сіңдіре білді. Сонымен қатар, «мемлекеттік қызметкер атану үшін не істеу керек?» деген сұрақты егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Департамент басшысының орынбасары Асхат Батыржанұлы «Біздің үкіметке сіздер секілді мамандар керек. Себебі, сіздер болашақ ұрпаққа білім мен ілім жолын ашасыздар. Сондықтан, сіздерге артылатын жауапкершілік екі есе. Келекшекте көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ тәрбиелеу – сіздердің қолдарыңызда.»,- дей отыра, аталмыш кездесудің неліктен ҚМПИ студенттерімен өтіп отырғандығының басты мақсатын айқындай кетті.

2017 жылдың 6 сәуірі күні ҚМПИ студенттері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында департамент өкілдері сыбайлас жемқорлық жайлы толық ақпарат берді. Пара беру мен пара алу арасындағы айырмашылық, кесілетін жаза мен жауапкершіліктер заң жүзінде қалай жүзеге асатыны жайлы ашып айтты. Жемқорлықтың түрлеріне де тоқталып, қандай жағдайлардан жырақ жүру керек екендігін студенттердің санасына сіңдіре білді. Сонымен қатар, «мемлекеттік қызметкер атану үшін не істеу керек?» деген сұрақты егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Департамент басшысының орынбасары Асхат Батыржанұлы «Біздің үкіметке сіздер секілді мамандар керек. Себебі, сіздер болашақ ұрпаққа білім мен ілім жолын ашасыздар. Сондықтан, сіздерге артылатын жауапкершілік екі есе. Келекшекте көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ тәрбиелеу – сіздердің қолдарыңызда.»,- дей отыра, аталмыш кездесудің неліктен ҚМПИ студенттерімен өтіп отырғандығының басты мақсатын айқындай кетті. Ал, студенттер өз кезектерінде мазалаған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын ала білді.

Кездесу соңында департамент өкілдері жастарды елімізді бірге көркейтуге шақырып, жемқорлыққа жолығып қалған сәтте бірден сенім қоңырауы арқылы хабар берулерін сұрады. Осындай кездесулер алдағы уақытта міндетті түрде жалғасын табатынын да тілге тиек етті.

2017.04.06

2017.04.06

2017.04.06

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз