2015 жылдың 6 қазанында Қостанай тарихи-өлкетану мұражайында «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қоғамдық кеңес мүшелерімен және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укинович Укинмен кездесу өтті. Кездесу «Ұрпақтар сабақтастығы» қамқорлығымен «Аға буынға қамқорлықпен» партия жобасының аясында өткізілді

2015 жылғы 24 ақпанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жұмыстары және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына жастардың көзқарасы» тақырыбында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілдерімен институт студенттерінің кездесуі өтті.

2014 жылғы 9 желтоқсан күні А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Жаңа ұрпақ сыбайлас жемқорлықсыз» тақырыбында өткен облыстық жастар форумына институттың жастар ісі жөніндегі комитетінің мүшелері, студенттер активі қатысты. Форумды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті ұйымдастырды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар