Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу
2015 жылдың 6 қазанында Қостанай тарихи-өлкетану мұражайында «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қоғамдық кеңес мүшелерімен және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укинович Укинмен кездесу өтті. Кездесу «Ұрпақтар сабақтастығы» қамқорлығымен «Аға буынға қамқорлықпен» партия жобасының аясында өткізілді
2015 жылдың 6 қазанында Қостанай тарихи-өлкетану мұражайында «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қоғамдық кеңес мүшелерімен және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укинович Укинмен кездесу өтті. Кездесу «Ұрпақтар сабақтастығы» қамқорлығымен «Аға буынға қамқорлықпен» партия жобасының аясында өткізілді. Кездесуге жоо және колледж белсенділері, студенттер, сонымен қатар Қостанай қалалық жастар мәслихатының депутаттары қатысты. Кездесуге қатысушылар Екінші дүниежүзілік соғыстан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңді қамтитын мәселелерді талқылады. Кенжебек Укин өлкеміздің тарихының дамуына Қостанай облысы ардагерлерінің қосқан үлесі зор екенін айтып өтті. Талқылау барысында отандық, шетелдік кинематограф және 28 гвардияшы панфиловшы жайлы мәселелер көтеріліп, олардың Қазақстанның студент жастарын патриоттық рухта тәрбиелеуге зор ықпалын тигізетіні жөнінде де сөз болды.