«Жаңа ұрпақ сыбайлас жемқорлықсыз»
2014 жылғы 9 желтоқсан күні А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Жаңа ұрпақ сыбайлас жемқорлықсыз» тақырыбында өткен облыстық жастар форумына институттың жастар ісі жөніндегі комитетінің мүшелері, студенттер активі қатысты. Форумды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті ұйымдастырды.

Аталған форумның мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет аясындағы имидж саясатын іске асыру, құқықтық сана мен мәдениетті дамыту, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру, белсенді азаматтық ұстанымын арттыру және облыстық жастар ұйымдары өкілдерімен тығыз қарым-қатынас орнату.