Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жұмыстары және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына жастардың көзқарасы
2015 жылғы 24 ақпанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жұмыстары және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына жастардың көзқарасы» тақырыбында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілдерімен институт студенттерінің кездесуі өтті.
2015 жылғы 24 ақпанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жұмыстары және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына жастардың көзқарасы» тақырыбында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілдерімен институт студенттерінің кездесуі өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті Тәртіптік кеңесі хатшылығының меңгерушісі Асхат Батыржанұлы Искендиров баяндама оқыды. Кездесу одан әрі диалог түрінде жалғасып, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып отырды.