ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облыстық Департаментінің өкілдерімен кездесу
2016 жылдың 6 желтоқсанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 4 курс студенттері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облыстық Департаментінің өкілдерімен кездесу өтті. Практика, жұмыспен қамту және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бастығы Нурушева Алия Балгабаевна кездесу барысын бастады.
2016 жылдың 6 желтоқсанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 4 курс студенттері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облыстық Департаментінің өкілдерімен кездесу өтті. Практика, жұмыспен қамту және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бастығы Нурушева Алия Балгабаевна кездесу барысын бастады. Студенттердің назарына институттың жұмыспен қамту жоспары ұсынылды. Институтта студенттерді жұмыспен қамту мәселесіне қатысты бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, жұмыс берушілермен кездесу т.б. іс-шаралар өткізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облыстық Департаменті басшысының орынбасары Досекенов Асет Муратович «Мемлекеттік қызметке қалай орналасуға болады?» тақырыбында тыңдаушыларға баяндамасын ұсынды. Іс-шара барысында Мемлекеттік қызмет саласын бақылау Басқармасының басшысы Салыкбаев Ерлан Амандыковичтің «Мемлекеттік қызмет әлеуметтік-адамгершілік институты ретінде» баяндамасы тыңдалды. Кездесу барысында студенттер мемлекеттік қызметке орналасу жөніндегі сауалдарына жауап алды.