Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа 45 минут» акциясы
2017 жылдың 29 қарашасында сағат 11:00-де Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа 45 минут» акциясы өткізілді. Бұл іс-шара білім беру ұжымдарында түсіндірме жұмыстарын жүргізетін республикалық акция аясында, 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын талқылау барысында өткізілді. Назарбаев Университетінің шеңберінде Нархоз университетінің бастамасымен және Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен академиялық адалдық тақырыбына телекөпір өтті, Қазақстанның жоғары оқу орындарының басшылары да қатысты.
2017 жылдың 29 қарашасында сағат 11:00-де Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа 45 минут» акциясы өткізілді.
Бұл іс-шара білім беру ұжымдарында түсіндірме жұмыстарын жүргізетін республикалық акция аясында, 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын талқылау барысында өткізілді. Назарбаев Университетінің шеңберінде Нархоз университетінің бастамасымен және Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен академиялық адалдық тақырыбына телекөпір өтті, Қазақстанның жоғары оқу орындарының басшылары да қатысты.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында 400-ден астам студенттер мен университет оқытушылары жиналды. Кездесу алдында аппарат жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Бекмагамбетов Руслан Қабдығалиұлы құттықтау сөз сөйледі. Бұл іс – шара, біздің еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының міндеттерін түсіну үшін студенттер мен мұғалімдер үшін өте маңызды екенін атап өтті. Әрі қарай сөз кезегі әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің аға оқытушысы Панияз Төлеу Паниязұлына берілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және әлеуметтік қауіпті құбылыс ретінде негізгі қауіп-қатер мемлекеттік құрылымның негізіне және қоғам өмірін құқықтық реттеудің конституциялық негізіне оның деструктивті әсерін тигізетініне ерекше назар аударылды.
Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Ярочкина Елизавета Викторовна «Ұлт үшін 100 нақты қадам» Жоспарын іске асыру үшін мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге басым белгіледі.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жаңғыртудың жаңа кезеңі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» жаңа Заңның қабылдануы болды. Оның айрықша ерекшелігі - бүкіл қоғамды осы процесске тарту арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың нақты механизмдерін енгізу. Студенттік қауымдастық атынан «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқып жатқан филология факультетінің түлегі Нұралы Арыстан сөз сөйледі. Оның хабарламасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісін анықтаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін өзгеше түрде көмек көрсететін адамдардың мінез – құлық ережелері туралы болды.
Акция соңында Бекмағамбетов Р.К. студенттер мен мұғалімдерге «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Мемлекеттің жаңа саяси бағыты бойынша «сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін деңгейіне көтерілгенін» түсіндірді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы Жарлығымен 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын бекіту мақұлданды.
Стратегияны іске асыруға барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен мекемелер, мемлекеттің қатысуы бар ұйымдар, саяси партиялар және басқа да қоғамдық бірлестіктер және, тұтастай алғанда, азаматтық қоғам қатысуы тиіс.