Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті өкілдерінің студенттермен кездесуі

2018 жылғы 27 қарашада Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Е.М. Жайлебаев университет студенттерімен кездесуі өткізді. Е.М. Жайлебаев өз сөзінде түлектерге мемлекеттік қызметке түсу үшін қажетті ақпаратты  түсіндірді және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 16-бабында көзделген үміткерлерді іріктеу критерийлеріне ерекше назар аударды.

2018 жылғы 27 қарашада Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Е.М. Жайлебаев университет студенттерімен кездесуі өткізді. Е.М. Жайлебаев өз сөзінде түлектерге мемлекеттік қызметке түсу үшін қажетті ақпаратты  түсіндірді және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 16-бабында көзделген үміткерлерді іріктеу критерийлеріне ерекше назар аударды. Осы кездесу барысында студенттерге бірнеше кезеңнен тұратын байқау туралы маңызды мәліметтер берілді:

  1. Бос лауазымды таңдау;
  2. Заңнаманы білу және жеке қасиеттерін бағалау бойынша тестілеу;
  3. Қажетті құжаттар пакетін ұсыну;
  4. Әңгімелесуден өту.

"Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметіне үміткерлерді тестілеу бағдарламасы толық түсіндірілді. Іс-шараға 120-ға жуық университет түлектері қатысты. Кездесу соңында Е.М. Жайлебаев сұрақтарға жауап берді және мемлекеттік қызметке түсуге ниет білдірушілерге қосымша ақпараттық материалдарды ұсынды.

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті өкілдерінің студенттермен кездесуі