Мемлекеттік қызмет істері және Жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі Департаментімен кездесу
2018 жылдың 6 ақпан күні жаратылыстану-математика факультетінде ҚР Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі Департаменті студенттермен кездесу өткізілді. Қазіргі қоғамның басты мәселесі – жемқорлық. Жемқорлықпен күрес еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап қолға алған негізгі саяясаттың бірі. Бүгінгі күні ҚР Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес іс-әрекет Агенттігі мемлекеттік қызмет көрсету салаларында мемлекеттік саясатты іске асыруды орындайды.

Департамент мынадай қызметтерді атқарады:
- Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
- Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру;
- Мемлекттік органдарда құқық бұзушылық пен ықпал ететін себептерді анықтау;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, халықтың хабардар болуын арттыру.
Агенттіктің бас маманы Ержанова Жанна Сериковна студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде кең көлемде ақпарат берді. Кездесу барысында студенттер де өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.
Сонымен қатар, «Балалар мен жастар ұйымы» ассоциациясының өкілімен кездесу ұйымдастырылды. Балалар мен жастар ұйымы әр түрлі мазмұнда көптеген қайырымдылық іс-шараларын, сонымен қатар мерекелік іс-шаралар өткізіп келеді. Елена Васильевна ұйымның бағыты мен алда орындалатын іс-шаралар жөнінде ақпаратпен таныстырып, студенттер де ассоцияциаға мүше бола алатынын айтып, студенттерді ұйымның мүшесі болуға шақырды.