Қоғамдағы жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру
2019 жылдың 12 қыркүйегінде күн тәртібіндегі осы тақырып бойынша З. Алдамжар атындағы ҚӘТУ Қамқоршылық Кеңесінің қолдауымен белгіленген ағымдағы тақырып бойынша дөңелек үстел өткізіліп, онда Президент Қ-Ж. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» Жолдауын іс жүзінде жүзеге асыру тұрғысынан жан-жақты талқыланды. Дөңгелек үстелдің жұмысына Ө. Сұлтанғазиин атындағы ҚМПУ ректорының кеңесшісі Р.Ш. Бектұрғанова мен ҚХА кафедрасының профессоры В.Г.Вишниченко қатысып белсенділік танытты.
2019 жылдың 12 қыркүйегінде күн тәртібіндегі осы тақырып бойынша З. Алдамжар атындағы ҚӘТУ Қамқоршылық Кеңесінің қолдауымен белгіленген ағымдағы тақырып бойынша дөңелек үстел өткізіліп, онда Президент Қ-Ж. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» Жолдауын іс жүзінде жүзеге асыру тұрғысынан жан-жақты талқыланды.
Дөңгелек үстелдің жұмысына Ө. Сұлтанғазиин атындағы ҚМПУ ректорының кеңесшісі Р.Ш. Бектұрғанова мен ҚХА кафедрасының профессоры В.Г.Вишниченко қатысып белсенділік танытты.
Римма Шыңғысқызы өз сөзінде студенттер мен оқып жүрген жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша күнделікті жұмысқа, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудың жаңа формаларын іздеудің қажеттілігіне назар аударды. Өкінішке орай, қоғам сыбайлас жемқорлық фактілеріне сын көзбен қарамайтынына баса назар аударылды. Және осы көзқарасты бірлескен күш-жігермен өзгерту керектігін айтылды.
Әйелдерді мемлекеттік қызметке тарту мәселесіне көбірек көңіл бөлу қажеттілігі туралы идея да тілге тиек етілді.
В.Г. Вишниченко Мемлекет басшысының жолдауында нақты көрсетілген қоғамдық кеңестердің, баспасөздің, азаматтық қоғамның рөлін арттыру, жеке тұлғаларға қарсы қылмыстар үшін жазаны қатайту бөлігінде елдің заңнамасына өзгерістер енгізу жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.
Мемлекеттік қызметкерлердің кірістерді ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік сатып алу кезінде заңнаманы өзгерту шығындарын да міндетті түрде декларациялау туралы заңды мүмкіндігінше тезірек қабылдауды ұсыну туралы айтылды.
Қ-Ж. Тоқаевтың ел Парламентінің жанынан заң жобаларын талдау және сараптау институтын құру және барлық деңгейдегі бірінші басшылардың жеке жауапкершілігін арттыру қажеттілігі туралы ұсынысы қолдау тапты.
Дөңгелек үстелдің модераторы Қамқоршылар кеңесінің төрағасы, з.ғ.д., С.М. Жалыбин болды.
Күн тәртібін талқылауға «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің бірінші орынбасары Б.Г. Рахымбеков, ғылыми қоғамдастық өкілдері, студенттердің құқық қорғау жүйесінің қатысуы дөңгелек үстелдің жоғары деңгейде өтуіне себепші болды.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар қабылданды.