2017 жылдың 17 қарашасында ақпаратты кітапхана орталығынның оқу залында профессор тарих ғылымдарының кандидаты,әлеуметтік – гуманитарлық факультетінің деканы Зәмзәгүл Бәйекеқызы Шахаман және доцент Майсара Жаугаштиновна Бекмагамбетовамен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерген мәселелердің мәні мен маңызын айқындауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Дөңгелек үстелге әлеуметтік – гуманитарлық факультетінің 1-4 курс студенттері қатысты.

15 ноября 2017 в информационно-библиотечном центре прошла читательская конференция «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары», посвященная 100-летию партии «Алаш». Мероприятие провели заведущая отделом обслуживания ИБЦ Жаксыбаева Б.К. и студентка 3 курса СГФ Дүйсебек Алтынай. Студенты 3 курса социально-гуманитарного факультета Ибраева А., Шәкімбаева А., Баймағанбетова Ф. выступили с докладами и сообщениями на тему «Алаш қозғалысы және Әлихан Бөкейханов», «Алаш партиясы, Алаш партиясының жетекшілері», «Тағдыр және Қарлаг».

2017 жылы 14 қараша айында ақпараттық кітапхана орталығында «Жаратылыстану ғылымының кафедрасы күні» өтті. Химия,биология, география пәндеріне келіп түскен жаңа басылымдарға көрме ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы, жоғары оқу орындары Ассоциациясынан алынған, қазақстандық авторлардың ағылшын тіліне аударылған: Inorganic Chemistry/S. Nazarbekova (2017 ж.); Methodology of teaching biology/R. Sh. Izbassarova, K. A. Zhumagulova (2016 ж.); Organic chemistry/G. Zh. Seitenova, M. O. Turtubayeva (2016 ж.), оқу басылымдары көптілді топтардағы оқытушылар мен студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды.

2017 жылы 31 қазан айында ақпараттық кітапхана орталығы колледж кітапханаларының басшыларына «Білім беру кітапханаларында оқырман-дарға арналған анықтама-библиографиялық және ақпараттық қызметтер жүйесі» тақырыбына байланысты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Білім беру кітапханаларының анықтамалық-іздестіру аппараттарын ұйымдастыру мен қамтамасыз ету, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, оқырмандардың ақпараттық мәдениетін жетілдіру мәселелері қаралды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілетін іс-шаралар туралы пікірлерімен және де жұмыс тәжірибелерімен алмасты.

2017 жылдың 13 қазан айында ақпаратты кітапхана орталығында  ғалым.  филология ғылымының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі. Қазақстанның және Қырғызстанның Еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкері Серік Қирабаевтың 90 жас мерей тойына арналған «Қазақ әдебиетінің алып тұлғасы» портрет кеші өткізілді.

2017 жылы 27 қыркүйек айында әмбебап оқырман залында Алаш партиясының 100 жылдығына арналған «Алаш тағылымы және Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі ашылды. Көрмеде «Алаш» қозғалысының тарихы, сондай-ақ Алаш қозғалысының көшбасшылары және олардың жастарды патриоттық тәрбиелеудегі рөлі туралы материалдар берілген. Көрменің электронды нұсқасы «Алаш тағылымы және Тәуелсіздік» аймақтық ғылыми-практикалық конференциясында ұсынылды.

2017 жылы 26 қыркүйек айында дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің 50 жылдығына орай салтанатты іс-шараларға арналған факультеттің ғылыми-әдістемелік жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Көрме факультеттің ашылу тарихы,оқытушылар және студенттердің спорттық жетістіктері туралы мақалалармен толықтырылды. Көрмеге 1977 жылғы факультеттің түлегі, зейнеткерлікке шыққан подполковник, жазушы Александр Каратаевтың еңбектері қойылды.

Ақпараттық кітапхана орталығында «Бірінші курс студенттерінің күні» жалғасуда. Ақпараттық іс-шара барысында: электронды презентация, қызмет көрсету бөлімдерімен, жұмыс тәртібімен, ақпараттық ресурстар мен жабдықты пайдалану ережелерімен танысады. Студенттер білім алуға көмектесетін қажетті ақпаратты алады.

2017 жылы 22 қыркүйек айында Ақпараттық кітапхана орталығында жаратылыстану ғылымы кафедрасының аға оқытушысы Рулёва Мария Михайловна «Биология» мамандығының 3 курс студенттерімен практикалық сабақ өткізді. Орталық қызметкерлері қамқорлық ережелерін қадағалау және оқырмандардың көз жауын алатын жасыл өсімдіктерді өз уақытында ауыстырып отырғызу туралы кеңес бергені үшін алғысын білдіреді.

29 мамырда ақпараттық кітапхана орталығында «Репрессияға ұшыраған қазақ руханияты. Репрессии. Трагедия народа» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде саяси қуғын-сүргін құрбандарының қайғылы тағдырын баяндайтын фотосуреттер, құжаттар, кітаптар, журналдар және де жинақтар ұсынылған. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқының басынан өткен ең бір қасіретті тағдыры кешегі тоталитарлық режим кезінде, атап айтқанда, ХХ асырдың 20 – 30 жылдарында Қазақстанда байларды тәркілеу (конфискация) және шаруаларды күштеп ұжымдастыру (коллективизация) кезінде орын алғаны белгілі. Осыны тарихшы ғалым Омарбеков Талас өз еліміздегі, сондай-ақ Ресейдегі архив құжаттарына сүйене отырып, нақты деректермен егжей-тегжейлі баяндайды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ақпаратты-кітапхана орталығының жаңалықтары