Портрет кеші

2017 жылдың 13 қазан айында ақпаратты кітапхана орталығында  ғалым.  филология ғылымының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі. Қазақстанның және Қырғызстанның Еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкері Серік Қирабаевтың 90 жас мерей тойына арналған «Қазақ әдебиетінің алып тұлғасы» портрет кеші өткізілді.

Кешті жаратылыстану матаматика факультетінің 2 курс студенті Сәбит Зере мен АКО бөлім меңгерушісі Жаксыбаева Б.К. жүргізді. Кездесуге филология факультеттерінің 3 курс студенттері қатысты. Бұл кештің негізгі мақсаты қазіргі жас ұрпақтың бойын жақсылыққа, ізгілікке, өз ұлтын сүйе білуге баулу. Портрет кешінде филология факультетінің 3 курс студенттері Жарбосина М., Нышанбаева Т.,«Серік Қирабаев – сыншы ғалым», «Қирабаев қағидасы»,атты ғалымның еңбектерінен дайындаған баяндамаларын оқыса, ал осы аталмаш факультеттің студенттері Серікбай А, Жақсылық Н, ақын Д. Әбілевтің ғалымға арнаған өлеңдерін оқыды. Кеште академик С. Қирабаевтың өмірі мен қызметі жайлы презентация көрсетіліп, «Ғұлама - ғалым» атты кітап көрмесінедегі әдебиеттерге шолу жасалды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз