Қоғам қайраткері, Қазақстанның құрметті ұстазы Спандияр Көбеевтің туғанына 140 жыл толуына орай ҚМПУ –дың «Рухани жаңғыру» жоба орталығында 2018 жылғы 5 қазанда ақпараттық – кітапхана орталығы «Заманын жырлаған жазушы» атты оқырман конференциясын өткізді. Шараға ақын, ҚМПУ – дың профессоры Серікбай Оспанұлы, Қостанай ауданы, Абай ауылы «Абай негізгі мектебінің» оқу ісі меңгерушісі Аубакирова Светлана Ғалымқызы, қазақ тілімен әдебиет пәнінің мұғалімі Махрубаева Жадыра және 6 сынып оқушылары, ҚМПУ – дың педагогика кафедрасының оқытушылары Шалғымбекова Алия Батырхановна мен Ермаганбетова Акбота Жаналыковна.

2018 жылдың 2 қазанда А. Байтұрсынұлы ат. Қостанай мемлекеттік университетінің «Білім орталығы» ғылыми кітапханасында Ұлттық ақпараттық сауаттылығы туралы хабардар ету күні бағдарламасын жүзеге асыру барысында, DIREKT (ERASMUS+), жобасы аясында,  жоғары және орта-арнаулы білім беру жүйесінің кітапханашылары үшін «Сандық дәуірдегі кітапханалардың рөлінің өзгеруі» атты дөңгелек үстел өткізілді. А. Байтұрсынұлы ат. Қостанай мемлекеттік университетінің «Білім Орталығы» ҒК-ның директоры Ж. С. Ержанова дөңгелек үстелдің модераторы болды.

Ақпараттық кітапхана орталығында 2018 ж. 3 бастап 6 қыркүйекке дейін «Бірінші курс студенті күні» іс-шарасын өткізді. Ақпараттық кітапхана орталығының директоры Безаубекова С.С. студенттерге құттықтау сөз сөйледі. Анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Сусик Т.С., библиограф Альмухамбетова Н.Н. студенттерді ақпараттық кітапхана орталығының тарихымен, бөлімдерімен, ақпараттық ресурстармен пайдалану ережелерімен таныстырып, кітапхана орталығының негізгі бағыттарын атап өтті. Іс-шара барысында студенттер өзін-өзі ақпараттандыруға дағдыланды. Бұл студенттердің болашақ білім және ғылыми-зерттеу жұмыстарында ресурс ретінде пайдаланатыны сөзсіз. Дәрісте презентация көрсетілді.

2018 жылдың 21 мамырында әмбебап оқу залында Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Репрессияға ұшыраған қазақ руханияты» кітап көрмесі ашылды. Көрмеде қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандардың портреттері, сондай-ақ Отан тарихындағы ең қайғылы кезеңді - сталиндік репрессияны көрсететін құжаттар, кітаптар, журналдар, жинақтар ұсынылған. Ғ. Мәулетовтың «Үрей мен Үміт = Страх и надежда» кітабы ерекше орын алады, құжаттық материалдар негізінде «Халық жаулары» ретінде атылған біздің жерлестеріміз, белгілі мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер туралы баяндайды.

2018 жылы 4 мамырда 25 жылдам астам уақыттан бері ақпаратты-кітапхана орталығының директоры Нечипоренко Инна Ивановнаның мерейтой құрметіне арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедрасында, университет ардагерлер Кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді. Университет ректоры Әбіл Еркін Аманжолұлы Инна Ивановнаны білім жүйесін дамытуға қосқан үлесі, іскерлік қабілеті және жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапаттады.

2018 жылы 3 мамырда әмбебап оқу залында соғыс жылдарында өте жас болған, бірақ оның барлық салмағын, қайғы-қасіретін бастан кешкен еңбекшілердің еске алу кеші өтті. Кездесуге мына ардагерлер қатысты: Зотова Л.Д., Терновой И.К., Киселева А.И. Скрынский И.М. Ардагерлер өздерінің естеліктерімен бөлісті. Киселева А. И. соғыс туралы өлеңдерін әсерлі оқып берді. Ардагерлерге арнап университет студенттері өлең оқып, ән айтып, өнерлерін көрсетті. Іс-шарада «Ерлік мәңгі өшпейді» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

2018 ж. 23 сәуірде әмбебап оқу залында Ұлы Отан соғысының ардагері, Халық Қаһарманы , партизан жазушы Касым Қайсеновтың туғанына 100 толуына орай «Жауынгер жазушы » атты портрет кеші өтті. Кешке   Дене шынықтыру және спорт факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Оқырмандар назарына «Жауынгер жазушы» атты электрондық шолу жасалып, шығармалары мен естеліктерінен үзінділер оқылды. Кеш соңында Қасым ата жайында түсірілген «Қасым » атты фильмнен үзінді көрсетілді. Шараны ұйымдастыруға ӘГФ деканы Шахаман З.Б. қолдау көрсетті.

2018 жылдың 11 сәуір айында «Бір ел- бір кітап » акция аясында әмбебап оқу залында «Кітап. Ел. Рух.» атты дөңгелек стол өтті. Дөңгелек столға филология факультеті қазақ тілі мен әдебиет мамандығының 1 курс студенттері қатысты. Биылғы жылы оқуға тұңғыш рет бір – біріне ұқсамайтын үш бірдей кітап таңдалды: Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі, Н. Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді». Студенттер үш бірдей арыстың шығармашылығын баяндама түрінде жеткізіліп,талқыланды,сонымен қатар студенттердің барлығы өз ойларын айтып, өз пікірлерімен бөлісті.

2018 жылы 16 наурыз күні әмбебап оқу залында Наурыз көктем мерекесіне арналған зияткерлік блиц турнирі өтті. Ойынның мақсаты студенттерді «Горизонт» ақпараттық-танымдық клубына назарын аудару, логикалық ойлау қабілетін дамыту және өз білімдерін байыту. Іс-шараны ұйымдастыруға белсенді қатысқан «Горизонт» ақпараттық-ақпараттық клубының капитаны, Жаратылыстану математика факультетінің 2-курс студенті Ким Любовь.

2018 жылғы 12 наурыз күні әмбебап оқу залында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының тұсаукесері өтті. Кездесуге Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Дастан Мұратұлы және әлеуметтік – гуманитарлық факультетінің 3 курс студенттері, филология факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Іс-шараны Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Дастан Мұратұлы кіріспе сөзімен бастап, Елбасы кітабындағы басты тақырыптарға тоқталды. Сондай-ақ, ондағы реформалар мен Елбасының үкіметке қойып отырған талаптарын, Қазақстан халқына жүктелген тапсырмаларын түсінікті етіп жеткізіп берді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ақпаратты-кітапхана орталығының жаңалықтары