«Армысың әз - Наурыз»

2018 жылы 16 наурыз күні әмбебап оқу залында Наурыз көктем мерекесіне арналған зияткерлік блиц турнирі өтті. Ойынның мақсаты студенттерді «Горизонт» ақпараттық-танымдық клубына назарын аудару, логикалық ойлау қабілетін дамыту және өз білімдерін байыту.

Іс-шараны ұйымдастыруға белсенді қатысқан «Горизонт» ақпараттық-ақпараттық клубының капитаны, Жаратылыстану математика факультетінің 2-курс студенті Ким Любовь. Іс-шараға филология және жаратылыстану-математика факультетінің студенттері қатысты. Ойын студенттердің Қазақстан халқының тарихын, салт-дәстүрін жақсы білетіндігін көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша Жаратылыстану-математика факультетінің «Пять первых» тобы ең көп ұпай жинады.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз