Бірінші курс студенті күні

Ақпараттық кітапхана орталығында 2018 ж. 3 бастап 6 қыркүйекке дейін «Бірінші курс студенті күні» іс-шарасын өткізді. Ақпараттық кітапхана орталығының директоры Безаубекова С.С. студенттерге құттықтау сөз сөйледі.

Анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Сусик Т.С., библиограф Альмухамбетова Н.Н. студенттерді ақпараттық кітапхана орталығының тарихымен, бөлімдерімен, ақпараттық ресурстармен пайдалану ережелерімен таныстырып, кітапхана орталығының негізгі бағыттарын атап өтті. Іс-шара барысында студенттер өзін-өзі ақпараттандыруға дағдыланды. Бұл студенттердің болашақ білім және ғылыми-зерттеу жұмыстарында ресурс ретінде пайдаланатыны сөзсіз. Дәрісте презентация көрсетілді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз