Сіздерді ақпаратты-кітапхана орталығына 2017 жылдың ақпан айында өтетін іс – шараларға қатысуға шақырамыз.

2017 жылы 12 қаңтарда Ақпаратты кітапхана орталығында факультет декандары, кафедра меңгерушілерімен оқытушыларға арналған оқу барысын ақпараттық-кітапханамен қамтамасыз ету мәселесіне байланысты жиналыс өткізілді. Ақпаратты кітапхана орталығы мен кафедралардың қызметін жақсарту мақсатында оқытушылар сауал-сұраққа жауап берді, сонымен қатар 2016 жылы түскен әдебиеттер кітап көрмесі ұйымдастырылды.

2016 жылы 25 қараша айында электронмен қамтамасыз етілген оқырман залында Қостанай және Қостанай облысындағы колледждердің кітапханашыларына арналған облыстық методикалық семинар өтті. Семинарда ақпаратты технологиялар тұрғысынан академиялық кітапхана қорының жағдайы мен қалыптастыру мәселесі, жаһандық электрондық ресурстарға қол жеткізу, кадрлық қамтамасыз ету мәселелері жөнінде сұрақтар қарастырылды.

Сіздерді ақпаратты-кітапхана орталығына 2016 жылдың қараша, желтоқсан айында өтетін іс – шараларға қатысуға шақырамыз

2016 жылы 16 қарашада «Ғалым-студент» циклі бойынша әмбебап оқу залында педагогика ғылымының кандидаты, педагогика кафедрасының доценты, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының құрметті профессоры, Славян Академиясының профессоры А. Ф. Дайкермен кездесу өтті. Бұл кездесу А. Ф. Дайкердің 75 жылдық мерейтойына және институттағы қызметіне 50 жылдығына арналды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жоғары оқу орындары аралық «Ақылдылар сайысы» интеллектуалды ойынына дайындық аясында, ақпаратты кітапхана орталығында оқырман ақпараттық - танымдық «Горизонт» клубының отырысы жалғасуда.

2016 жылы 20 қазан айында ақпараттық-кітапхана орталығында тарих және өнер факультетінің «Тарих» мамандығы бойынша екінші курс студенттеріне арналған «Ақпараттық күн» өткізілді. Іс-шара барысында студенттер ақпараттық орталығының мүмкіндіктерімен танысты. Электронды оқырман залында оқу мақсатында электронды кітапханамен пайдалану бойынша тренинг-консультация өткізілді.

2016 жылдың 27 қыркүйек айында ақпаратты кітапхана орталығында ақын О. Сүлейменовтың 80 жылдығына арналған «Олжас – ғасыр ақыны» атты оқырман конференциясы өткізілді. Кешті қазақ филология факультетінің 3 курс студенттері Жанжигитов Сырым мен Пернебек Айдана жүргізді. Оқырман конференциясына қазақ және орыс филология факультетінің 1-2-3 курс студенттері қатысты.

Сіздерді ақпаратты-кітапхана орталығына 2016 жылдың қыркүйек, қазан айында өтетін іс – шараларға қатысуға шақырамыз.

2016 жылдың 1 қыркүйектен 3 қыркүйек аралығында ақпараттық кітапхана орталығында бірінші курс студенттері үшін кітапхана ережелері және кітапханадағы ақпараттық мүмкіншіліктерді таныстыру мақсатында презентация көрсетілді. Студенттер ақпараттық кітапхана орталығының пайдалану ережесімен және де виртуалды анықтама қызметімен танысты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ақпаратты-кітапхана орталығының жаңалықтары