2017 жылы 4 мамыр айында әмбебап оқу залында Ұлы Отан соғысының ардагерлері И. К. Терновой, И. М. Скрынский, А. И. Киселёвамен Жеңістің 72 жылдығына арналған әдеби-музыкалық композициялық кездесу кеші өткізілді. Олардың құрметіне «Музыкалық білім беру» мамандығының 4 курс студенттері, «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттері соғыс туралы өлең оқып, ән шырқады. Жеңіс күніне кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кеш соңында Ардагерлерге гүл шоғымен, сыйлықтар сыйлады.
2017 жылы 25 сәуір айында ІІІ Халықаралық ғылыми конференцияны ақпараттық қолдауы ретінде ақпараттық-кітапхана орталығы кітап көрмесін ұйымдастырды.
2017 жылы 24 сәуір айында «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының аптасы» әмбебап оқырман залында «Ақпарат күні» өтті. Кафедраның аға оқытушысы Мукалиева Б. Х. және Разумова Л. П. «Шығармашылық – диалог жолы» тақырыбында қолданбалы өнер және оқу-әдістемелік материалдардан студенттердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі қойылды. Библиографтар студенттер мен оқытушыларды мамандығы бойынша жаңа әдебиеттермен таныстырды.
2017 жылы 21 сәуір айында Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК ұйымдастырған, «Библионочь» іс-шара барысында өткен «Не?Қайда?Қашан?» интеллектуалды ойынында 2-нші орынға ие болған оқырман ақпараттық-танымдық клубының «Горизонт» тобын құттықтаймыз. Команда эрудиция, байсалдылық, тапқырлық үшін қалалық сарапшылар клубының тренингіне шақырылды!
2017 жылы 19 сәуір айында электронды қамтамасыз етілген оқырман залында «Жариялануға арналған журналдарды таңдау: импакт-факторы бар журналды қалай табуға болады және ықылассыз басылымдарды болдырмау» тақырыбына байланысты институттың профессорлық-оқытушылар құрамы үшін Clarivate Analytics компаниясының өкілі, ақпараттық ресурстар мен білім беру бағдарламаларының эксперті Муканова Лязиза Адильевна өткізді. Оқытушылар лектордың ақпаратты өте кәсіби, қол жетімді жеткізді, барлық ақпарат ғылыми қызметте пайдаланатын болатынын атап өтті.
2017 жылдың 29 наурыз айында әмбебап оқу залында қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Әлібек Тамара Қайыржанқызымен кездесу өткізілді. «Ұстаз ұлы тұлға» атты шағын кітап көрмеде ұстаздың әр жылда жарық көрген еңбектері қойылды. Бұл кештің негізгі мақсаты қазіргі жас ұрпақтың бойын жақсылыққа, ізгілікке, өз ұлтын сүйе білуге баулу. Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой. Шындығында ұстаз - болу онай болып көрінгенімен, ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. "Ұстазды алтын діңгекке теңер едім", – деп ұлы педагог Ы. Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы – қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулысының ұлысы.
2017 жылы 28 ақпан айында әмбебап оқырман залында «Тарихшы күні» өтті. Қазақстан тарихы кафедрасының магистрлары Абенов Д. Е. және Қалиев Д. Д. ұйымдастырған іс-шарада ақпараттық-кітапхана орталығымен ұсынылған «Тарих» мамандығының әдебиеттеріне қысқаша аналитикалық шолу өткізді.
2017 жылы 23 ақпан айында ақпараттық-кітапхана орталығында «Шетел тілі кафедрасының күні» өтті. «Академия» баспа орталығы және «Express Publishing» баспасымен шығарылатын әдебиеттерінің библиографиялық көрмесі электронды презентация арқылы таныстырылды. Сонымен қатар 2016 жылғы алынған шетел әдебиетінің жаңа басылымдары көрсетілді.
2017 жылдың 16 ақпан айында ақпаратты кітапхана орталығында тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, қашықтықтан оқыту факультетінің деканы Шахаман З.Б. кездесу өткізілді. Кешті филология факультетінің 1 курс студенті Колыханова Юлия жүргізді. Кездесуге тарих және өнер, жаратылыстану-математика факультетінің 1 курс студенттері қатысты.
2017 жылғы 28 қаңтарда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде қаланың жоғары оқу орындары арасында «Эйнштейн» зияткерлік ойыны өтті. Ойын нәтижесі бойынша бірінші, екінші және үшінші орындарға институтымыздың Ақпараттық кітапхана орталығы «Горизонт» оқырман ақпараттық-танымдық клубының командасы ие болды. «Эйнштейн» ойынының тарихында алғаш рет барлық жүлделі орындарды Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының командалары иеленді. Дауыс беру нәтижесі бойынша ойынның ең мықты қатысушысы болып ҚМПИ ЖМФ бірінші курс студенті Ким Любовь атанды. Сәттілік пен жеңістер тілейміз!