Диалог

2017 жылдың 29 наурыз айында әмбебап оқу залында қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Әлібек Тамара Қайыржанқызымен кездесу өткізілді. «Ұстаз ұлы тұлға» атты шағын кітап көрмеде ұстаздың әр жылда жарық көрген еңбектері қойылды. Бұл кештің негізгі мақсаты қазіргі жас ұрпақтың бойын жақсылыққа, ізгілікке, өз ұлтын сүйе білуге баулу. Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой. Шындығында ұстаз - болу онай болып көрінгенімен, ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. "Ұстазды алтын діңгекке теңер едім", – деп ұлы педагог Ы. Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы – қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулысының ұлысы.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз