2019 жылының 28 қаңтар айында ақпаратты кітапхана орталығының оқу залында ақын-жазушы, сатирик, этнограф, ғалым С. Кенжеахметұлының 80 жылдығына арналған «Қаламы қарымды қаламгер» атты тақырыпты кеш өтті. Кештің қадірлі қонағы «Наш Костанай» газетіyнің бас редакторының орынбасары, журналист Жақсанов Оразалы Отынбайұлы қатысты. Іс-шараға филология, жаратылыстану-математика және психология-педагогика факультеттерінің 1 курс студенттері қатысты.

2019 жылы 18 қаңтар айында декандарға, кафедра меңгерушілеріне, әдістемелік бюро төрағаларына және мамандықтардың әдістемелік комиссияларының төрағаларына арналған жыл сайынғы дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел бағдарламасы мамандықтарға байланысты пәндер бойынша кітапханалық қорды толықтыру, электронды ресурстар оқу залындағы силлабустардың электронды базасының жағдайы, ҚМПУ мерейтойына арналған профессор-оқытушылар құрамының ғылыми еңбектерінің библиографиялық көрсеткішін дайындау.

2018 жылдың 12 желтоқсан айында ақпаратты кітапхана орталығынның оқу залында университеттің ардагерлер кеңесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлымен кездесу өткізді. Іс – шараға химия ғылымдарының кандидаты, профессор Абдикалыкова К.А., педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Важева Н.В., дене шынықтыру спорт және туризм факультетінің аға оқытушысы Порубов Г.Н., сонымен қатар жаратылыстану – математика факультеті, психология және педагогика факультеті, әлеуметтік – гуманитарлық факультеттерінің 1 курс студенттері қатысты.

2018 жылдың 10 желтоқсанында Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеттің ақпараттық – кітапхана орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында ҚР тәуелсіздік күніне арналған университет студенттері арасында өткен «Қазақстан тәуелсіз ел, қанатын жайған әдемге» атты әдеби - поэтикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Сараптама кеңесінің төрағасы - Гаухар Зкрияновна Балгабаева, «Рухани жаңғыру» жоба орталығының басшысы.

2018 жылы 30 қараша күні ақпараттық кітапхана орталығында колледж кітапханаларының меңгерушілері үшін тақырыбына байланысты семинар өтті. Ө. Сұлтанғазин ат. ҚМПУ институционалдық репозиторийін ұйымдастыру және жүргізу, пайдаланушылардың әлемдік ақпараттық ресурстарға қол жеткізу, ақпараттық технологиялар бойынша оқу кітапханаларының қорларын толықтыру мәселелері қарастырылды. Семинар қорытындысы бойынша пікір алмасып оқу орындарының кітапханаларының бірлескен қызметіне қатысты ұсыныстар берілді.

2018 жылғы 29 қарашада ақпараттық кітапхана орталығының әмбебап оқу залында жаратылыстану – математика факультетінің биология, география мамандығы бойынша 2,3 курс студенттеріне арналған «Ақпарат күні» өткізілді. Студенттер молекулярлық биология, микробиология және вирусология, эмбриология, географияға байланысты жаңа кітаптармен танысты. Кітаптар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылды. Сонымен бірге «География және табиғат», «Биология және салауаттылық негізі», ғылыми-әдістемелік журналдары ұсынылды.

2018 жылы 6,8 қарашасында филология факультетінің «Шет тілі: екі – шет тілі» мамандығы бойынша, 3 курс студенттеріне арналған ақпарат күндері өткізілді. Кітапханаға келіп түскен шет тіліндегі жаңа әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. Студенттер оқыту әдістемесі, аударма теориясы, лингво-тілтану, фонетика, грамматика, лингвистикадағы ақпараттық технологиялар бойынша кітаптармен танысты. Сондай-ақ «Мектептегі шет тілі» Республикалық әдістемелік-педагогикалық журналдар ұсынылды.

2018 жылғы 26 қазанда ақпараттық – кітапхана орталығынның оқу залында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне аударылған кітаптардың тұсаукесері өтті. Шараға қоғамдық пәндер, құқық негіздері және экономика кафедрасының профессор– оқытушылар құрамы мен студенттері шақырылды. Оқулықтарды кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент А.Б.Амантаева, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Т.Қ.Әлібек, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Т.Тобылов.

Ақын Ғафу Қайырбековтың туғанына 90 жылдығына орай 2018 жылғы 24 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеттің ақпаратты – кітапхана орталығында «Қазақ поэзиясының жұлдызы» атты әдеби – музыкалық кеш өтті. Кештің мақсаты: ақын, туралы, ой-пікірімізді айту, оның өмір жолымен шығармашылығымен танысу,өлеңдерінен сыр шерту. Кешке ақын, филология ғылымының кандидаты, КМПУ профессоры Серікбай Оспанұлы қатысты. Кешті жаратылыстану факультетінің 3 курс студентті Сәбит Зере жүргізді.

2018 жылдың 10 қазанында айында ақпаратты кітапхана орталығында тарих ғылымдарының докторы Байдалы Рауан Жомартұлымен кездесу өткізілді. Кешті жаратылыстану факультетінің 3 курс студенті Сәбит Зере жүргізді. Кездесуге психология және педагогика факультеті, әлеуметтік – гуманитарлық факультеті, филология факультеттерінің 1 курс студенттері қатысты. Жаратылыстану факультетінің 1 курс студенттері Саясат Кәусар мен Шахиева Айгерім ұстаз жайында өлеңдер оқыды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ақпаратты-кітапхана орталығының жаңалықтары