Ақпарат күні

2018 жылғы 29 қарашада ақпараттық кітапхана орталығының әмбебап оқу залында жаратылыстану – математика факультетінің биология, география мамандығы бойынша 2,3 курс студенттеріне арналған «Ақпарат күні» өткізілді. Студенттер молекулярлық биология, микробиология және вирусология, эмбриология, географияға байланысты жаңа кітаптармен танысты. Кітаптар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылды. Сонымен бірге «География және табиғат», «География в школах и вузах Казахстана», «Биология және салауаттылық негізі», «Биология в школе» ғылыми-әдістемелік журналдары ұсынылды.

Оқырмандарды ерекше қызықтырған кітаптар: П.Л. Нокс, Адамзат географиясы: аймақтар мен өлкелерге жаһандық көзқарас  = Human Geography: Places and Regions in Global Context .- Алматы: Дәуір, 2016, Шарипов, К.О. Белки, нуклеиновые кислоты: учеб. пособие / К.О. Шарипов, С.С. Жакыпбекова, Г.Е. Берганаева.- Алматы: Отан, 2016, Zhomartova, G.Z. Modern world geography. CIS countries  / G.Z. Zhomartova, D.A. Kadirbaeva.- Almaty: TechSmith, 2018, Lomolino, M.V. Biogeography / M.V Lomolino, B.R. Riddle, R.J. Whittaker.- USA: Sinauer Associates, 2017,Allaby, M. Encyclopedia of weather and climate . volume I. A-O / M. Allaby.- revised edition.- New York: Infobase publishing, 2007 және т.б. болды. Студенттер үшін оқу мақсатында электронды кітапханамен қолдану бойынша практикалық сабақ өткізілді.

Анықтамалық-библиографиялық және
ақпараттық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Т.С. Сусик.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз