Әдеби – музыкалық кештің қорытындысы

Ақын Ғафу Қайырбековтың туғанына 90 жылдығына орай 2018 жылғы 24 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеттің ақпаратты – кітапхана орталығында «Қазақ поэзиясының жұлдызы» атты әдеби – музыкалық кеш өтті. Кештің мақсаты: ақын, туралы, ой-пікірімізді айту, оның өмір жолымен шығармашылығымен танысу,өлеңдерінен сыр шерту.

Кешке ақын, филология ғылымының кандидаты, КМПУ профессоры Серікбай Оспанұлы қатысты. Кешті жаратылыстану факультетінің 3 курс студентті Сәбит Зере жүргізді. Ақын Серікбай Оспанұлы студент жастарға ақын Ғафу Қайырбеков туралы көптеген қызықты мәліметтер айтып берді. Жаратылыстану факультетінің 1 курс студенттері Саясат Кәусар, Шакиева Айгерім ақынның өлеңдерін оқыды. Кеш соңында Ғафу Қайырбековтың сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әні орындалды. Ақынның өмірімен творчествосы жайында «Қазақ поэзиясының жұлдызы » атты электронды презентация және «Қазақ әдебиетінің алып тұлғасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Әдеби кеште ақынның ғибратқа толы ғұмыры мен қоғамдағы қызметі, аудармашылық қыры туралы айтылды. Ақын жырларының әр алуандығын паш еткен лирикалық өлеңдері оқырмандардың көңілінен шықты.

«Қайнардың нөсерлейтін алғыр ақын. Жырың – нәр жұрт сусынын қандыратын» деп Қалижан ақын айтқандай. Ғафу қаламынан туған дүниелер өзі өскен ортаның жай – күйінен хабар берер жанды суреттер. Ол – қазақ поэзиясын сыршыл лирика, эпикалық поэмаларымен байытқан ақын.

ақпаратты – кітапхана орталығының
қызмет көрсету бөлімнің меңгерушісі
Жақсыбаева Б. Қ.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ақпаратты-кітапхана орталығының жаңалықтары Әдеби – музыкалық кештің қорытындысы