Әдеби-поэтикалық байқау
- Подробности
- Опубликовано: 10 декабря 2018
2018 жылдың 10 желтоқсанында Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеттің ақпараттық – кітапхана орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында ҚР тәуелсіздік күніне арналған университет студенттері арасында өткен «Қазақстан тәуелсіз ел, қанатын жайған әдемге» атты әдеби - поэтикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Сараптама кеңесінің мүшелері:
- Сараптама кеңесінің төрағасы - Гаухар Зкрияновна Балгабаева, «Рухани жаңғыру» жоба орталығының басшысы,
- Есіргепова Кенжегүл Қабылқазықызы - ФФ деканы,
- Нұрқанат Жүнісұлы Құлабаев - ақын, журналист
- Аблай Мауданов - ақын, журналист,
- Сания Серікқызы Безаубекова - АКО директоры.
Байқауға 21 студент қатысты. Сараптама кеңесінің шешімі бойынша:
Гран приді - филология факультеті қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3 курс студенті Қарлығаш Сұлтанның «Рухани жаңғыру негізі» өлеңімен жеңіп алды.
1 орынды – жаратылыстану-математика факультеті информатика мамандығының 3 курс студенті Зере Сәбиттің Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдауына жазған мақаласы үздік деп танылды.
2 орынды – жаратылыстану – математика факультеті география мамандығының 3 курс студенті Алмас Тоболовтың «Тәуелсіздік-тұғырым» өлеңімен жеңіп шықты.
3 орынды әлеуметтік – гуманитарлық факультеті құқық және экономика негіздері мамандығының 2 курс студенті Ақгүл Рақымбайдың «Тәуелсіздік тұғырымның белгісі» өлеңімен жеңіске жетті.
Барлық қатысушыларға алғыс хаттар тапсырылды. Байқаудың қорытындысы бойынша қатысушылардың шығармалары жинақ болып басылып шығады.
Байқаудың мақсаты: студент жастарды отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, рухани мәдениетін көтеру, ұлттық сананы жаңғыртудағы әдебиеттің рөлін арттыру және қызығушылығын күшейту.